• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қараша, 02:18:54
+12°

11 Қазан, 2024 NEWS

Жыл басынан бері азық-түлік айтарлықтай қымбаттады

Қазақстанда 2024 жылдың басынан бері азық-түлік айтарлықтай қымбаттаған.

Көрнекі сурет

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың тоғыз айында еліміз бойынша азық-түлік тауарларының бағасы орташа есеппен 2,9%-ға көтерілді.

- Нан 6,2%-ға қымбаттады. Оның ішінде қара бидай наны – 8,4%, жоғары сұрыпты бидай наны – 6,4%, бірінші сұрыпты бидай наны – 5,4% қымбаттаған. Сүт өнімдерінің бағасы 4,3%-ға өсті. Ашытылған сүт өнімдері - 4,8%, ірімшік пен сүзбе – 2,7% қымбаттады, - делінген мәліметте.

Ал ет және ет өнімдерінің бағасы жыл басынан бері 2,6% өсті. Құс еті – 4,7%-ға, шұжық өнімдері – 4,1%-ға, ет өнімдері – 2,6%-ға, шошқа еті – 2%-ға, сиыр еті – 1,9%-ға, жылқы еті – 1,2%-ға қымбаттады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір