• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:08:24
Алматы
+12°

15 Қазан, 2024 NEWS

Талғардағы қанды оқиғаның видеосын желіге таратқандар анықталады – іс қозғалды

Талғардағы оқиғаның видеосын желіге таратқандар анықталады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлім етті.

Көрнекі сурет

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер Талғардағы қанды оқиғаның видеосын желіге кімдер таратып жібергенін сұрады.

«Кеше әлеуметтік желіде осы видео тарады. ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Оның барысында бейнежазба желіге қалай тарап кеткенін анықтайды», - деді Б. Әленов.

4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен бір адам қайтыс болғанын жазғанбыз.

Ашулы талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты.

Алматы облысының Прокуратурасы кісі өлтіру туралы бұл іс ерекше бақылауға алынғанын ресми түрде хабарлады.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы Талғар ауданындағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды.

Сондай-ақ, құқық қорғаушы Айтбек Амангелді қаза тапқан жасөспірімнің отбасына адвокаттар тауып берді.

Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Шалқаров бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерттеліп жатқанын жеткізді.

12 қазан күні түнде қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қылмыс жаза Талғар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір