15 Қазан, 2024 NEWS
Прокуратура Шерзат Болаттың өліміне қатысты соттың ашық өтуін сұрайды
Алматы облысының прокуратурасы Талғарда асқан қатігездікпен өлтірілген 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот ашық өтуін сұрамақ.
Ашық дереккөзден
Алматы облысының прокуроры Берік Адамов тергеу жұмыстары кезінде заң бұзушылықтардың болмағынын мәлімдеді.
“Жәбірленуші тарап соттың ашық өтуін талап етіп жатыр. Тергеу барысында ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ. Прокуратура соттың онлайн режимде, ашық өтуін сұрайды”, – деді Берік Адамов.
Сондай-ақ полиция Талғардағы оқиға орнында түсірілген видеоның тарап кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғады. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов бір күн бұрын әлеуметтік желіде "Қамажай" дүкенінің алдында түсірілген видео тарағанын айтты.
“Бұл видео кеше (14 қазан – шамамен) әлеуметтік желіде пайда болды. Ішкі қауіпсіздік департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл видеоның әлеуметтік желіге қалай таралғанын анықтау керек. Жақында ғана іс қозғадық, осы істің аясында мән-жайдың бәрін анықтаймыз деп ойлаймын”, – дейді Ішкі істер министрінің өкілі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір