• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қараша, 15:32:55
Алматы
+12°

17 Қазан, 2024 NEWS

Қазақстан мен Қытай туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан Бейжіңдегі (Қытай) халықаралық China Outbound Travel & Tourism туристік көрмесіне қатысып жатыр.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Көрмедегі Қазақстан стенді ҚР Туризм және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Kazakh Tourism ҰК АҚ және Алматы облысы Туризм басқармасы Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастыруда.

Ұлттық стендте Қазақстанның туризм әлеуетін 21 туристік сала өкілі таныстырады. Олардың қатарында 12 туроператор, 7 қонақ үй және демалыс орындары бар. Қазақстан әлеуеті зор туристік бағыт ретінде халықаралық танымалдылыққа ие болып келеді. Еліміздің туристік мүмкіндіктері China Media Group, Dragon Trail және басқа да жетекші халықаралық платформаларда жаһандық аудиторияның назарын аударуда.

Қытай Қазақстан үшін негізгі туристік мақсатты нарықтардың бірі саналады. Былтыр қарашада Қазақстан мен Қытай азаматтары үшін 30 күнтізбелік күнге дейін өзара визасыз режим енгізілсе, биылдан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны артты. Қазіргі таңда Қазақстан – Қытай бағыты бойынша аптасына 44 рейс орындалады.

eQonaq жүйесінің деректері бойынша, биылғы 10 айда Қазақстанға ҚХР-дан 122 мыңнан астам турист келген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 64% көп. Былтырғы 10 айда елімізде 78 515 қытайлық турист саяхаттаған.

Көрме аясында Outbound Tourism Investment&Development Forum іс-шарасында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстыру жоспарланған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір