• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қараша, 02:11:59
+12°

18 Қазан, 2024 NEWS

Қырғызстанда ата-анасын асыраудан жалтарған балалар жазаға тартылады

Қырғызстанда мүгедек және материалдық көмекке мұқтаж ата-анасын асыраудан бас тартқан, сондай-ақ балаларына алимент төлемегендер үшін жаза қатайтылып жатыр.

Көрнекі сурет

Жогорку Кенеш депутаттары кейбір заңнамалық актілерге тиісті түзетулерді үшінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы ата-аналардың өз балаларына қатысты алименттік міндеттемелерді орындамағаны немесе толық орындамағаны, сондай-ақ кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалардың материалдық көмекке мұқтаж қарт ата-аналарын асыраудан жалтарғаны үшін жазаны қатайту мақсатында әзірленген.

Түзетулерге сәйкес, сот актісі немесе алимент өндіру туралы келісім негізінде ата-аналарды алименттік міндеттемелерді төлемегені үшін 60 сағаттан 100 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 9 айға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалады.

Материалдық көмекке мұқтаж қарт ата-ананы асырау үшін сот актісі немесе алимент өндіру туралы келісім негізінде еңбекке қабілетті кәмелетке толған балаларына алимент төлеуден жалтарғаны үшін 500-ден 1000-ге дейінгі есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға (50 - 100 мың сом) немесе 60 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 9 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Бұл ретте, жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылған ата-аналардың алимент бойынша мiндеттемелердi орындамауы немесе толық орындамауы алимент төлеу туралы келісім немесе сот актісі негізінде қайталап жасалған орындамау немесе толық орындамау деп танылады. Тұлға алименттік міндеттемелер бойынша берешегін толық өтеген жағдайда жауапкершіліктен босатылады.

Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстанда БАҚ пен интернет сайттарында және әлеуметтік желілерде жала жабу мен қорлауға жоғары айыппұл енгізу ұсынылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір