• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қазан, 17:19:55
Алматы
+9°

22 Қазан, 2024 NEWS

Алматыдағы арнайы операция: шетелдіктен 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді

Арнайы іс-шараны Алматыда криминалдық полицияның "Киберпол" қызметкерлері жүргізген.

Көрнекі сурет

"Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінде 58 жастағы ҚХР-ның азаматы ұсталды. Оны тінту кезінде ақбөкен мүйізі салынған 50 қорап табылды және тәркіленді. Ер адамның айтуынша, ол Қызыл кітапқа енген элементтерді Алматы облысынан сатып алып, емдік мақсатта өз еліне тасымалдауды жоспарлаған.

Ақбөкенді заңсыз жою, сондай-ақ оны немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін алу, сақтау, өткізу, импорттау, кіргізу, жөнелту, тасымалдау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақбөкен мүйіздерін сату арнасы анықталып жатыр", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір