• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:35:03
Алматы
+12°

23 Қазан, 2024 NEWS

Қытайға жалпы астық экспорты 5,5 есе өсті – Қайрат Төребаев

Қазақстан Италияға 1 млн тонна бидай жеткізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Cауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты.

Көрнекі сурет

«Қазақстанның 2024 жылға арналған астық дақылдары бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тонна, оның ішінде 7-7,5 млн тонна – бидай, 1,3-1,4 млн тонна – арпа, 300 мың тонна – жүгері. Сонымен қатар, майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады. Орталық Азия мен Ауғанстанға 4,2 млн тонна бидай жеткізіледі деп күтілуде. Өткен жылы Қытайға жалпы астық экспорты 1,43 млн тоннаны құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 5,5 есе өсті. Оның ішінде бидайдың үлесі - 538,8 мың тонна, өткен жылғы көрсеткіштен 15 есе артық. Бұл Қытайға экспорт көлемін 1,6 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, Қытай шекарасындағы кідірістер мен лицензиялау шарттары әлі де шешуді талап етеді», - деді вице-миинстр.

Оның атап өтуінше, жаһандық сұраныстың артуы және өнімділіктің төмендеуіне байланысты Италия, Латвия, Испания сияқты ЕО елдері маңызды нарықтар болып отыр. Қазақстан үшін бидайды Ресей арқылы транзиттеу және Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша шығындарды азайту өзекті. Осы бағыт арқылы Түркия мен Таяу Шығысқа шамамен 1 млн тонна бидай экспорттауға мүмкіндік бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір