• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 22:45:29
Алматы
+12°

24 Қазан, 2024 NEWS

«Мінбер» қорына – 15 жыл. Алматыда медиафестиваль өтті

Алматыда «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының 15 жылдығына орай, «Дата журналистика және жасанды интеллект» деген атпен фестиваль болып өтті. Оған журналистер, медиатренерлер мен медиасарапшылар қатысты.

Фото: «Мінбер» қоры

Іс-шара «Дата және жасанды интеллект: Қазақ журналистері заманауи трендтерге қаншалықты дайын» деген панельдік сессиямен басталып, сарапшылар қазақ журналистикасындағы мәселелерді, тенденцияларды талқылады.

Мұнан соң медиатренерлердің шеберлік сыныптары өтіп, фестиваль қайтадан панельдік сессияда жалғасты.

Іс-шараның соңына таман дата сторилердің авторлары марапатталды. Биыл жазда қор Ақтөбе, Қостанай және Павлодарда дата журналистика шеберханасын өткізген. Оған өңірдегі журналистер қатысып, түрлі тақырыптарда дата стори жазған. Солардың арасында іріктеліп, 11 адам марапатталды. Ынталандыру сыйлығын Мөлдір Гапиз, Руслан Алкеев және Нұргүл Қонақбаева (100 мың тг) алды. Бірінші, екінші және үшінші орындар Ақтөбелік журналистер Арайлым Букенбаеваға (1 орын – 300 мың тг), Райбек Сағадатовқа (2 орын – 200 мың тг), Меруерт Қалиеваға (3 орын 150 мың тг) бұйырды. Бас жүлдені (500 мың тг) онкологиялық аурулар туралы дата стори жазып шыққан қостанайлық журналистер Заңғар Санай, Балауса Жүніс, Қайрат Елеусізов иеленді. «Ең креативті дата стори» номинациясы (500 мың тг) бойынша оралдық әріптестер Азамат Хамза, Динара Насыр марапатталды.

Мінбер қоры

«Мінбер» қоры

«Мінбер» 2019 жылы бастапқыда қор ретінде құрылған. Негізін Есенгүл Кәпқызы мен Асхат Еркімбай қалаған. Қор журналистердің, әсіресе аймақтағы тілшілердің біліктілігін арттыруды көздейді.

Жобаны алғаш болып, Мемлекеттік тілді дамытудың президенттік қоры қолдайды. Ұзамай «Мінбер» сайты жасалады. Алғашқы тренинг 2010 жылы мамырда «Медиа және жаңа технология» қолдаушылары тақырыбында өтеді. Оны Сорос-Қазақстан қоры мен Еуропадағы қауіпсіздік және ыңтымақтастық ұйымының Астана бюросы қолдайды.

Қор жүзеге асырған ең ұзақ жоба Қызылорда қаласында өнірлік кітапханашылардың медиасауатын арттыру бойынша 2014-2018 жылдары өткен тренингтер. Оны ЮНЕСКО-ның Алматыдағы бюросы қолдаған.

15 жылда түрлі серіктертер болса, олардың ең тұрақтысы – Internews-Kazakhstan. Одан бөлек Beeline және ERG секілді бизнес өкілдері де қолдау танытқан. Соңғысыны қолдауымен қор бүгінге дейін көптеген жобалар жүзеге асырып келеді.

«Мінбер» өз тарихында 50-ден астам тренинг өткізіп, оларды мыңға тарта түлек оқыған. Біренеше оқу-әдістемелік құрал басып шығарған.

2018 жылы қордың жанынан «Мінбер» ақпарат агенттігі құрылып, бүгінде медиа әлімдегі өзінің орны бар ақпарат ресурсына айналып үлгерді. Қор бүгінде орталыққа айналып, ақпараттық, ағартушылық, зерттеу бағытында жұмыс істейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір