• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қараша, 14:29:23
Алматы
+12°

Қазақстан үшін 25 қазан – тарихи әрі маңызды күндердің бірі. Бұл күн біздің тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуының алғашқы қадамдарын еске салады. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдады. Бұл құжат Қазақстанның өз билігін өз қолына алуға, ішкі және сыртқы саясатты дербес жүргізуге ұмтылғанын көрсетті.

         Республика күні – тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Әр ұрпақ осы мерекені атап өту арқылы тәуелсіздік жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін еске алады және болашаққа нық сеніммен қарайды. Біздің еліміз көпұлтты мемлекет, сондықтан бұл мереке халықтар арасындағы достық пен татулықты да дәріптейді.

Осы орайда әл-Фараби атындағы https://farabi.university/  Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығы аясында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ  ұйымдастыруымен  ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде әр елден  білім алуға келген  қандас тыңдаушылар мен ұстаздар қауымы 25 - қазан Республика күніне орай «Атамекенге қош келдіңіз!» атты іс-шара ұйымдастырып, тәрбиелік мәні өте жоғары шара өткізді.

Шараның негізгі мақсаты: білім алушыларға Қазақстан Республикасы ​ туралы мәлімет беру, қазақ елінің тарихына шолу жасай отырып, таныстыру, елін, жерін, салт-дәстүрін сүюге тәрбиелеу. Мерекелік кеш барысында қазақ халқының өмір сүрген кезеңінен бүгінгі тәуелсіздікке жеткен уақыт аралығындағы тарихи кезеңдердегі слайд көріністер көрсетіліп,  факультет тыңдаушылардың орындауларындағы «Көк тудың желбірігені», «Атамекенім Қазақстаным» сынды патриоттық және дәстүрлі әндер шырқалып, Құрманғазының «Адай» және Нұрқисаның «Алқиса» секілді күмбірлеген күйлер шертіліп,  Атамекенге  Моңғолия, ҚХР, Өзбекстан, Түркмениядан елден келген қандас тыңдаушылар елге деген сағынышын білдіру мақсатында «Көк тудың желбірегені», әнін ерекше сезіммен орындады.

Бұл үлкен шараға факультет басшылары және факультетте білім алып жатқан қазақ диаспора өкілдерінен келген тыңдаушылар сонымен қатар қонаққа «Отандастар қоры» КеАҚ-ның Алматы қалалық фронт-кеңсесінің сарапшылары мен «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы қатысты. Шара кезінде Дүниежүзі Қазақтар Қауымдастығы Алматы қалалық филиялының төрағасы -Омарәлі Әділбекұлы, «Отандастар қоры» КеАҚ-ның Алматы қалалық фронт-кеңсесінің сарапшысы және «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы - Құрмет Қадылқазыұлы құттықтау сөз сөйлеп, 15 тыңдаушыға бір реттік шәкіртақы беріп, білім алушыларға жақсы тілектерін айтты. Сондай-ақ Жаңылай Дәуей -қолөнерші, өнертанушы және кафедра оқытушыларымен ұлттық нақыштағы көрме ұйымдастырды. Қонақтар тыңдаушыларға жылы лебізін білдіріп, ұстаздарға алғысын айтты. Исабеков Ақылбек Қашқынұлы з.ғ.к., профессор Қазақстанның ең ірі білім ордасы- Қазақ ұлттық университеті туралы жақсы сөздер айтып, ұстаздарын құттықтады. Бұл мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.

                             

 ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының

оқытушылары: Мужигова Г.М.,Тойганбекова М.Ш., Какенова А.М.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Фараби университеті

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір