• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 16:23:03
+12°

28 Қазан, 2024 NEWS

Шерзат Болаттың өліміне қатысты 5-бап бойынша тергеу жүріп жатыр

Ішкі істер министрлігі 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу барысын хабарлап отыр.

Ашық дереккөзден

Тергеу бес бап бойынша жүргіп жатыр — ҚР ҚК-ның 99-бабы, 2-бөлімі («Адам өлтіру»), 293-бабы, 3-бөлімі («Бұзақылық»), 115-бабы («Қорқыту»), 432-бабы («Қылмысты жасырып қалу») және 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау») бойынша.

Тергеу барысын жеке бақылап отырмын, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеп жатыр. Басында әлеуметтік желілерде оқиғаның себептері туралы анық емес ақпараттың кеңінен таралуына байланысты министрлік белгілеген тәртіппен (Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы талаптарына сай) 15 қазанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифиң өткізді, онда тергеудің кейбір деректері жарияланды, — деді ІІМ басшысы Ержан Сәденов депутаттық сауалға жауабында.

Ол қазіргі уақытта адам өлтірді деген күдікпен сегіз адам, ал қылмыс туралы хабарламау туралы бап бойынша үш адам соттың санкциясымен қамауға алынғанын еске салды.

- Тергеу жалғасып жатыр. Оның барысында оқиға орнында болған басқа адамдардың қатысқан-қатыспағаны тексеріліп, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Жалпы, қазіргі уақытта елдегі криминогендік жағдай тұрақты, ішкі істер органдары президенттің құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді шаралар жүргізіп жатыр, — деп толықтырды Ержан Сәденов.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада көз жұмды.

Бұған дейін Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кеткенін жазған едік.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шерзат Болат 5-бап

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір