• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 16:15:13
Алматы
+12°

30 Қазан, 2024 NEWS

2025 жылдан бастап штаттан тыс істейтін қызметкерлер де декрет демалысына шығып, әлеуметтік төлем ала алады

2025 жылдан бастап келісімшартпен жұмыс істейтін азаматтардың құқығы штаттағы ресми қызметкерлермен тең болады.

Көрнекі сурет

Енді жұмыс берушілер штаттан тыс қызметкерлері үшін де әлеуметтік төлемдер аударып, декрет демалысына, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін өзге де төлемдерді өтейді.

Бұл жаңашылдық азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмысқа тұрған әрбір қазақстандыққа қатысты. Бастама осыдан 2 жыл бұрын қолға алынған. Әлеуметтік кодекстегі өзгертулер енді 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуге тиіс.

Айта кетсек, әзірге штаттан тыс қызметкерлерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер аударылмайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір