• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 03:03:12
Алматы

04 Қараша, 2024 NEWS

Хасан Қасымбаевтың не үшін ұсталғаны белгілі болды

Талғарда "Хутор" бандасының басшысы деп аталған Хасан Қасымбаевтың не үшін ұсталғаны белгілі болды. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе жектен жаттықтырушыны ұрлап ұрып соқты деген күдікке ілінді.

Ашық дереккөзден

2021 жылдың маусымында Талғардағы ер адамды топпен ұрып-соғып жатқаны туралы видео тарады. Сипаттамада жәбір көрген ер адамның ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов екендігі атап өтілді.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, алдымен оны бір топ адам өнеркәсіптік комбинат ауданындағы "Виктория" минимаркетінің алдында ұрып-соққан. Кейін Кеңдала кентінің маңындағы каналға апарып, ес-түссіз екеніне қарамастан тағы ұрған. Одан әрі ауыр жағдайда Талғар орталық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Кейін оған тағы қысым көрсетпеу үшін оны Алматы медициналық мекемесіне ауыстырған.

Осы жайтқа байланысты Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен сотталған бес күдікті ұсталды. Бүгінде олар бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуді жалғастыруда.

Еске салсақ, "Хутор" бандасының жетекшісі деген Хасен Қасымбаев ұсталғаны туралы хабарлаған едік.  Талғардағы 16 жастағы Шерзаттың өліміне кінәлі "Хутор" бандасының қатысы бар деген ақпарат тараған еді. Алайда Хасан Қасымбаев өзінің бұл іске қатысы жоқ екенін айтып, үндеу жасады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Хасен Талғар Шерзат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір