• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 02:48:29
Алматы

04 Қараша, 2024 NEWS

Зейнеткерлікке ерте шығуға рұқсат берілуі мүмкін

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.

Көрнекі сурет

Бүгінгі таңда біздің қоғамда бірнеше сұрақ талқыланып жатыр. Бұл - зейнет жасын күтпей, зейнетке ерте шығу. Бұл сұрақ аналарымыз, көпбалалы аналарымыз, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарымыз үшін өте маңызды. Бұл кісілер де ерте зейнетке шығу мәселесін көтеріп отыр. Сондай-ақ министрліктің алдына зиянды жағдайда жұмыс істейтін азаматтарды 50-55 жастан зейнетке шығару мәселесі де қойылып отыр, - деді министр.

Сондай-ақ ол:

- Мысалы, зейнет жасына келсе де, зейнетке шықпай, жұмысын әрі қарай жалғастырған азаматтарға зейнетақысын төлемей, оны бюджетте қалдыру. Ал зейнет жасына жетпей, зейнетке шыққысы келетін азаматтарға бюджеттегі сол қаржыны төлеу қарастырылып отыр, - деді Светлана Жақыпова.

Бұл жерде зейнетке ерте шыққысы келетін азаматтардың еңбек өтілі 25 жылдан кем болмауы керек. Яғни осы уақыт бойы зейнет жарналарының аударымы болуы қажет. Мысалы, азамат 20 жасынан бастап жұмыс істесе және тиісті жарналары уақытылы аударылып отырса, онда ол 45 жасында ерте зейнетке шыға алады.

Бұл ұсыныстар әлі қабылданбағанын, мұны қазір министрлік тиісті органдармен бірлесе қарап жатқанын еске сала кетейік.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір