• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 01:12:30
Алматы
+7°

06 Қараша, 2024 NEWS

Келесі жылдан бастап жасөспірім қыздар арқа-бұлшық ет атрофиясын анықтау үшін скринингтен өтеді

2025 жылдан бастап 16-17 жастағы бойжеткендерде арқа-бұлшық ет атрофиясына тасымалдаушылық белгілерін анықтау мақсатында скрининг енгізіледі.

Көрнекі сурет

Жыл сайын шамамен 4,5 миллион бала профилактикалық тексерістен өтіп, анықталған аурулары бойынша есепке алынады. 9 айда 3,8 миллион бала қамтылды.

Балалар мүгедектігінің алдын алу мақсатында МСАК ұйымдарында 1500 "бала жетілдіру кабинеті" және босандыру ұйымдарында 50 "жаңа туған нәрестелерді бақылау жүргізу" кабинеті жұмыс істейді.

2022 жылдан бастап құрсақішілік патологияны ерте анықтау мақсатында 20 "жүктілікті сақтау орталығы" жұмыс істейді. Алғаш рет елімізде 11 құрсақ ішілік ота сәтті жүргізілді.

Генетикалық аурулар мен туа біткен ақауларды ерте анықтаудың қолжетімділігін жақсарту үшін 1 наурыздан бастап 10 өңірде перинатальды орталықтарда тексеру бөлімшелері ашылды. Осы уақытқа дейін 23 мыңнан астам әйел тексеріліп, 201 әйелде (1,3%) өмірге сәйкес келмейтін патологиясы бар баланың туылуы алдын алынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір