• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 02:38:24
Алматы

06 Қараша, 2024 NEWS

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артқан

Соңғы үш жылда балалардың мүгедектігі 11 пайызға өскен.

Көрнекі сурет

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылғы 6 қарашада ҚР Үкіметінің отырысында соңғы үш жылда Қазақстанда мүгедек балалардың саны артқанын айтты.

Одан бөлек, министр бүгінде елімізде мүмкіндігі шектеулі 732 мың адам тұратынын, бұл халықтың жалпы санының 3,6%-ын құрайтынын атап өтті.

"Оның 57 пайызы еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 27 пайызы зейнеткерлік жастағы адамдар, 15 пайызы — балалар. 18 жастан асқан жастар арасында аурудың нозологиялық формаларының құрылымында психикалық бұзылулар, қан айналымы жүйесінің аурулары, барлық локализацияның жарақаттары басым. Ал балалар мүгедектігі бойынша жүйке жүйесінің аурулары, туа біткен ақаулар, психикалық бұзылулар басым", — деді Светлана Жақыпова.

Оның айтуынша, жүргізілген талдау соңғы үш жылда балалардың мүгедектігі 11 пайызға өскенін көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың көпшілігі 7 жастан 18 жас аралығында.

"Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар базалық және міндетті деңгейде жүзеге асырылады. Жыл сайын республикалық бюджет пен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жиынтық шығыстары шамамен 22 пайызға ұлғаяды. Биыл олар 748,5 млрд теңгені құрады", – деді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір