13 Ақпан, 2014 NEWS
Алматыны әскерилер қоршауда. Кімнен қорғайды?
Бүгін әлеуметтік желілерде Алматы қаласына бірнеше әскери көліктер шығарылғаны туралы бейнематериалдар, суреттер жарияланды Кешегі Ұлттық Банк алдындағы...
Бүгін әлеуметтік желілерде Алматы қаласына бірнеше әскери көліктер шығарылғаны туралы бейнематериалдар, суреттер жарияланды Кешегі Ұлттық Банк алдындағы халықтың наразылығы қала басшыларын осындай әрекетке баруға мәжбүр етті мә әлде биліктің девальвацияға орай "тосын" оқиғалардың алдын алған әрекеті ме кім білсін? Не дегенмен, бейбіт күнде қаз-қатар тізілген әскерилердің қалада жүруі кімнің болмасын үрейін алары анық. Бейресми деректерге сүйенсек, қару құрсанған әскери көліктер қала көшелерінде: 28-Панфилов паркі маңайында, ГРЭС аймағынан жүріп өткен.
Қорғаныс Министрлігі, әуемобильді жасақтың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі қолбасшы орынбасары Қанат Белгібековтың ресми мәлімдеуінде: "Уайымдауға ешбір себеп жоқ. Жасақтың жоспарлы тексеруі өтіп жатыр. Қорғаныс Министрлігі басты инспекциясының жоспарлы тексеруінің жоспарына сәйкес, қарулы техника мен әскери дайындықтары сынақтан өткізуде. Осы мақсатпен, техника 50 км. жүріп өткенде ғана оның дайындығы белгілі болады. Машинамен жүріп өтті, ендігі дайындығымыз далалы аймақтарда өтіп жатыр,"- деді Белгібеков. Сондай-ақ, "мұндай тексеріс үш жылда бір рет өтеді. Бүгінге дайындыққа 61993 әскери жасақ қатысты" делінген "tengrinews.kz". сайтына берген сұхбатында
Алайда, мұнымен көпшілік тыныштала қоймасы анық. Әлеуметтік желілерде келесідей әр алуан пікірлар бар:Айдос Сарым,саясаттанушы: Биліктің қорғанғаны анық. Гвардия мен әскерилер Алматыда: Панфиловшылар паркінің маңайында жүр.
Жанболат Мамай, журналист: Девальвациямен тонады, қару-жарақпен қорқытпақ па?!
Серік Әбікенұлы, журналист: Біз техниканың, қарудың дайындығын тексеріп жатырмыз. Талап бойынша олар 50 шақырымдық марш жүріп өтулері керек." Алматыда әскерилер қаптап кеткеніне түсінік берген подполковник Белгібаевтың сөзі. Танымал болдым деген келімбетов секілді бұның да ақыл-есінің дұрыстығы күмән тудырады. Әскери техниканы 1,5 миллион халқы бар Алматының ортасына әкеліп тексеру керек пе?
Мәдениет Ізжанов, Фб қолданушысы: Сабыр керек, арандап қалмайық!
Дмитрий Воронцов, Фб қолданушысы: Бұл дайындықтан кеше жатқан әскери көліктер. Арандай бермеңіздер!
Сәуле Батаева, Алматы тұрғыны: Танктер қала ішінде қоғамдық көлік секілді жүргені несі?
Марат Борықбай, Фб қолданушысы: 2005 жылы қараша айында сайлау алдында осындай жағдай болған. Орталық алаңға танктерді шығарып, "өтірік" оқу дайындығын өткізген. Бұл халыққа құқай көрсеткені...
Жұмаш Кенебей, ақын:
Алматыда танкілер жүр жорғалап, Қан аға ма, көшелермен сорғалап?.. Өз халқынан өзі безген шіркіндер, Қазақ деген Ұлттан өзін қорғамақ! Қайран Қазақ! Сен, қашан да бол, аман! Оқ ата ма, ол иттерге жоламан! Бұл дінсіздер, бұл тілсіздер, жемқорлар, Қазағымды тыржалаңаш тонаған! Қайран Қазақ! Жайбарақат жатпаңдар, Олар атар... Бірақ, сендер атпаңдар! Кілең тексіз, құл-құтандар құтырған, Бұлар Ұлтты баяғыда сатқандар! Алматыны әскерилер қоршаған, Сонда кімнен қорыққан екен сонша адам? Мына кілең ұрылардан қорықпаңдар, Қайран Қазақ! Сен қашан да бол, аман!!! Мұның түбі бір жақсылық болса игі, Олар сонда қирата ма сонша үйді? Алматыға олар неге қаптаған, Болса тыныш, неге әскерлер қоршайды?Ал, сіз не дейсіз?
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір