• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 16:58:28
Алматы
+12°

25 Ақпан, 2014 NEWS

Жұмаш КӨКБӨРІ. Ресейдің Госдумасы не дейді, біз не дейміз?

 немесе «Барар жері батпақ-сор, Қазаққайтіп күн көрер?..»

 немесе «Барар жері батпақ-сор, Қазаққайтіп күн көрер?..»

Ең алдымен, бұл жөнінде www.tengrinews.kz порталында жарияланған мәтіннен шағын үзінді келтірейік: «...В Госдуме России уверены в неизменности отношений с Казахстаном понедельник, 24.02.2014, 20:14 Государственная Дума Российской Федерации выступает за сохранение отношений с Казахстаном. Об этом корреспонденту Tengrinews.kz сообщил заместитель руководителя аппарата Государственной Думы Федерального Собрания Российской Федерации, начальник управления по связям с общественностью и взаимодействию со СМИ Юрий Шувалов... « ...Сонымен бұл мәтіннен не түсіндіңіздер? Біріншіден, жауап беріп отырған Ресей Госдумасының төрағасы немесе Ресей Сыртқы істер министрі емес, Ресей Госдума аппараты жетекшісінің орынбасары Юрий Шувалов. Жириновский - Госдума депутаты. Әлде оларға өздерінің қашанғы империялық астамшылық пиғылымен Қазақстан деген мемлекетті, Қазақ деген ұлтты тап бір отарындағы елдей (мына қазақстандық орысқұл билік, осылай «ләп-бәй, тақсырлай берсе, болашақта Қазақстанмен солай болуы да ғажап емес) қалай айтсақ та бола береді деп ойлай ма екен?.. Шуваловтың ана Қазақстанның ішкі ісіне араласқандар туралы: "Они с одной стороны имеют право на свою позицию, с другой стороны в вопросах внешней политики наши парламентарии выступают весьма консолидированно, имея, конечно, каждый свою точку зрения...» деп айтқанына қараған да, оның біз қазақтарды менсініп отырғаны шамалы сияқты көрінеді маған. Бұл сөздерден де сол баяғыдағыдай астамшылықтың ызғары есіп тұрғандай ма, қалай?.. Күні бүгінге дейін Қазақстан Сыртқы Істер министрі бұл туралы Ресейге нота тапсырамыз деп қана отыр. Одан арыға олардың батылдары бара қоймайтын сияқты. Нота бергеннің өзінде де мандыртып ештеңе айтпай, аяқ жағын сиырқұймышақтатып жіберері даусыз... «Олар мына біз сияқты «қой шөп алмас момын қазақтарды» дұрыс түсінбей қалып жүрмей ме?..» деп сақтанған олардың аналардан қарадай үрейлері ұшып отырған тәрізді. Ана Шуваловты түсінуге болады, ол қандай жағдайда да, ең алдымен орыс мүддесін Қазақ мүддесінен жоғары қояды. Ал, біздің билік те орекеңдердің мүддесін Қазақ мүддесінен жоғары қоятындай көрінеді. Сонда онсыз да маңдайының соры бес елі біздің Қазақ - кімге жылап барып, мұңын шаға алады?.. Орекеңдердікі олардың өз тұрғысынан алып қарағанда да - мың есе дұрыс. Ал, сонда «сен тимесең, мен тимен, бадыраң көз!..» деген сияқты күйде отырған шексіз «қызыл интернационалист» біздің орысқұл биліктің ұстанымы дұрыс па? Бұдан кейін амалсыздан: «біз Қазақстан, шынымен Тәуелсіз мемлекет емеспіз бе, осы?»-деген сұмдық үрей ұялайды екен басыңа... Ана Ресей Госдумасының депутаты Жириновскийдің бетімен лағып: "Никаких республик в Средней Азии. Среднеазиатский федеральный округ. Главный город - Верный! Сегодня у него чужое название, Алма-Ата - мой родной город. Это придумали Узбекистан, Киргизия, Таджикистан, Туркмения, Казахстан. Среднеазиатский федеральный округ!"-деп айтқанына намыстануды білмейтін біздің орысқұл билікті қалай түсінуге болады?.. Украина қан-төгіспен әзер құтылған «ЕуроАзиялық одақ» деген арқылы біздің аналардың бодандығын қайта алатынымыз – расқа айналайын деп отыр ма? Осыны ойлағанда, жүрегің қан жылайды екен? Рас, біздегі кейбір аналарға бүрегі бұрып тұратын адамдар айтып жүргендей: «біз, Ресейсіз күн көре алмаймыз! Ресейден іргемізді аулақ салсақ, мына халқы миллиардтан асып жығылатын көршіміз бізді жұтып қояды!..» дейтін бұлардың сөздерінің жаны бар ма? Шынымен де, біздер: «былай тарсаң, өгіз өледі, былай тарсаң, арба сынадының» кейпін киіп отырмыз ба?.. Сонда «барар жері батпақ сор, Қазақ қайтіп күн көрер?..»

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір