27 Ақпан, 2014 NEWS
Нәзия Жоямергенқызы: СТАЛИННЕН АЙНАЛАЙЫН!
ҚР Қылмыстық кодексінің жаңа заң жобасы алғашқы оқылымда қабылданды. Сол құжатта журналистерді "жала жабу" деген бап бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан...
ҚР Қылмыстық кодексінің жаңа заң жобасы алғашқы оқылымда қабылданды. Сол құжатта журналистерді "жала жабу" деген бап бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруға құқық берілген. Яғни, егер жазған мақала, журналистік зерттеуіңізге қатысы бар бір кісі сізді "жала жапты" деп ойласа, сотқа береді. Егер сот қажет деп тапса, 3 жылға сотталасыз. "Ешбір ЖУРНАЛИСТ сырт қалмасын, қол жинайық, дауысымыз шықпай жатыр. Бұл БАҚ өкілдеріне төнген қауіп" деп қаққан дабылымды біраз сайт көшіріп басты. Сөйтсем, "қонақ" деген атпен аттандаған бір сорлы "мемлекетте отырғандар ақымақ па? Неге тыныш жүрмейсің?! Сен сияқты ақылы келтелер неге азаймайды?!" деп пікірсымақ қалдырыпты. Кім екенін білмеймін, егер қажет деп тапсам, оны оңай табуға болады ғой. Айтайын дегенім, сол сорлы егер журналист болса, түрмеге отырады. Ал қарапайым жан болса, өзі, туғаны, әке-шешесінің басына күн туса, міндетті түрде журналиске келіп мұң шағады, араша түс дейді. Ал басына іс түскен адамға 3 жылға дейін сотталуы мүмкін журналист қалай көмектеседі? Не деген топастық?! КСРО кезінде Сталин: "Егер журналист жазған мақаланың, айтқан сөздің 5 пайызы шындық болса, қудалау болмасын журналистерді" дейтін. Ал қазір 100 пайыз шындық болса да, журналистер дәрменсіз. Жеке басының, отбасы мен туғандарынң қауіпсіздігі тағы бар. Бұл қоғам әділдікке емес, әділетсіздікке, тізеге салатындар мен жемқорларға, қолындағы билігін асыра пайдаланатындарға ғана арналған сияқты көрінеді кейде. Қанішер Сталинді, қазақты қырған Сталинді иттің етінен жек көрем. Бірақ мамандығыма келген тұста: "Сталиннен айналайын!" демеске шараң жоқ...
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір