• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 15:55:03
Алматы
+12°

28 Ақпан, 2014 NEWS

Уәлиханов атындағы институтты Мирзоян атына өзгерту керек

Белгілі ұлт жанашырлары Мұхтар Тайжан, Айдос Жұқанұлы, Қасым Аманжолұлы  Алматы қаласы, Тілдерді дамыту, мұрғаттар және құжаттама басқармасына Алматы...

1939620_595400633878518_196476294_nБелгілі ұлт жанашырлары Мұхтар Тайжан, Айдос Жұқанұлы, Қасым Аманжолұлы  Алматы қаласы, Тілдерді дамыту, мұрғаттар және құжаттама басқармасына Алматы қаласындағы Мирзоян көшесінің атын өзгерту туралы  хат жазған екен. Оған басқармадан қандай жауап келгенін қараңыз:

 «Левон Исаевич Мирзоян ХХ ғасырдың 30 жылдарында Қазақстанда басшылық қызметте  болды. Сол  жылдардағы  оның  саяси қызметі әртүрлі бағалануда. Бір жағынан Л.И.Мирзоян Қазақстандағы  ашаршылық зардаптарын  жеңуге үлкен еңбек сіңіргенін жоққа шығаруға болмайды.  Сонымен  қатар,  оның 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргінге келеңсіз рөлі жайлы мұрағат  деректері  ашылуда. Сіздердің жолдаған  құжаттарыңыздың көшірмесі соның бір  айғағы. Дегенмен сол  құжаттар қандай жағдайда  жазылғанын әлі ешкім білмейді. Ал, Л.И.Мирзоян атындағы  көшені өзгерту мәселесінде, біріншіден, асықпаған жөн. Екіншіден,  заңнамаға сәйкес ол  бойынша  Ономастикалық  комиссия шешім қабылдауы керек» деп Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының уәжін алға тартыпты. Ары қарай  "Қала  тұрғындарының  уақтылы әлеуметтік көмек  алуына және жедел жәрдем шақыруына жағдай жасау  мақсатында Алматы қаласының ономастика комиссиясының отырысында бірінші  кезекте атауы  жоқ  және  атауы қайталанатын көшелерге атын беру мәселесі  қаралады. Облыс аумағынан елді мекендердің қосылуына байланысты осындай көшелер көбейіп келеді. Осыған  орай, жоғарыдағы мәселе  шешімін  тапқаннан кейін тарихи тұрғыда ескірген көшелердің атауын өзгерту кезең-кезеңімен жүзеге  асырылатын болады" деп данышпандық шешім қабылдаған екен Басқарма басшылығы.

Ал, мұнда аталған Мирзоян кім еді? Уалиханов институты не айтып отыр? Зер  салайық: Левон Исаевич Мирзоян, 1933-1938 жылдар аралығында Қазақ­стан Орталық Партия Комитетінің бірінші хатшысы болған. Ол саяси қуғындаумен  қатар, жоспарлы жүзеге асырылған ату-асу шараларын атқарған Мирзоян еді. Қазақстанда басшылықта болған жылдарында 1760 қазақты мерт қылған.  Яғни 5 жылдан астам уақытта күн сайын бір қазақты құрбандыққа шалып отырған деуге келеді.

Басқаны қойшы, дардай аты бар Уәлиханов атындағы институт не айтып отыр? "Л.И.Мирзоян атындағы  көшені өзгерту мәселесінде, біріншіден, асықпаған жөн. Екіншіден,  заңнамаға сәйкес ол  бойынша  Ономастикалық  комиссия шешім қабылдауы керек" депті ғалымдар. Ендеше, өздері айтқандай "Қазақстандағы  ашаршылық зардаптарын  жеңуге үлкен еңбек сіңірген" Мирзоян мырзаның атын Алматы қаласының көшесіне емес институттарының атына қойғаны жөн. Өйткені Уәлиханов атын көтере алмайтыны жоғарыдағы емеуріндерінен-ақ көрініп тұр.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір