• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 03:26:44
+12°

08 Қаңтар, 2019 Саясат

Әлемдегі ең қауіпті 10 лаңкес

Оны АҚШ жүйесі соңғы он жылдан бері іздеп жүр.

Барак Обама жүйесі әлемдегі №1 лаңкес атанған  Усаба бен Ладенді құртса, Дональд Трамптың барлаушылары тағы қауіпті террорист Джамал Ахмад Мұхаммад  әл-Бадавидің көзін жойды. Осыдан бірнеше күн бұрын Ақ үй қожайыны Трамп өзінің Твиттердегі жазбасында әл-Бадавидің өлтірілгенін мәлім етті. Усама бен Ладеннен кейін қауіпті лаңкес атанған оны АҚШ жүйесі соңғы он жылдан бері іздеп жүр.

–Біз кезінде «Коул» кемесіне шабуыл жасаған қауіпті лаңкестің көзін жойдық. Алдағы уақытта да  «әл Каида» ұйымына қарсы жұмысымыз жалғаса түседі. Біз радикалды ислам ұйымының көзін жойып, әлемге тыныштық әкелуіміз керек»,– деп мәлімдеді  Дональл Трамп.

АҚШ барлаушылары  соңғы он жылдан бері Джамал Ахмад Мұхаммад  әл-Бадавидің ізіне түскен. 2000 жылдың 12 қазаны күні «Коул» кемесіне  шабуыл жасаған әл-Бадавидің содырлары 17 америкалық теңізшінің көзін жойған. Жарылыстың салдарынан 39 әскери жарақат алды. Одан кейін ізін жоғалтқан Бадави Иемен Республикасында жасырынып жүрген. АҚШ барлаушылары  арнайы операцияны жүзеге асыру кезінде оның көзін жойды. Ол көлікте жалғыз өзі келе жатқан. Басқа зардап шеккендер жоқ. Соңғы 20 жыл уақыт бойы әл-Бадавидің содырлары әлемнің әр түкпірінде 50-ден  астам лаңкестік жарылыс жасағанын айта кету қажет. Оның қай жерде жүргені туралы ақпарат берген адамға Федералдық тергеу бюросы  5 миллион доллар тіккен. 2003 жылы оны Иемен билігі өлім жазасына кескен, алайда түрмеден қашып кеткен оның қай жерде жүргені белгісіз болды. Ақыры, міне, лаңкестің өзі ажал құшты.

Әлемде іздеуде жүрген мұндай лаңкестер көп. Оның бірқатарының қазірдің өзінде көзі жойылған. Ал АҚШ Федералдық тергеу бюросының дерегінше, халықаралық іздеуде жүрген қауіпті 10 лаңкес кім? Сонымен...

  1. Усама бен Ладен. АҚШ-тың мемлекеттік мекемелері мен ғимараттарына шабуыл жасаған. Жүздеген адамдардың өмірін қиған. АҚШ-тың Танзания және Кения елдеріндегі елшілігінде лаңкестік әрекет жасап, соның салдарынан 200 адам опат болған. 2011 жылдың 2 мамырында Усама бен Ладен өлді. АҚШ-тың барлау қызметі жасырынып жатқан жерін тауып,  әуеден соққы жасаған.
  1. Айман әл-Завахир. Мамандығы -дәрігер. «Египет Ислам джихады» ұйымын құрған адам. Оның содырлары жүздеген адамды құрбан етті.  1998 жылдың 7 тамызынан бері іздеуде жүр. Айман әл Завахирдің қайда жүргені туралы ақпарат берген адамға 25 миллион доллар уәде етілген.
  2. Адам Гадан. Калифорнияда туылып, жалпақ жұртқа Аззам әл-Амрики деген атпен белгілі болған ол лаңкестік ұйым құрған. Федералдық тергеу бюросының дерегінше, АҚШ билігіне мемлекеттік опасыздық жасаған адам. 2006 жылдан бері халықаралық іздеуде жүр. Гаданның басына 1 миллион доллар тігілгенін айта кету керек.
  3. Даниэль Андреас Сан Диего. 2003 жылдары АҚШ-тың Калифорния штатындағы екі үлкен зәулім ғимаратқа жарылыс жасаған. Оның қайда жүргені белгісіз. ФБР оны тапқан адамға 250 мың доллар беруге уәде еткен.
  4. Фахд Мохаммед Ахмед әл Кусо. АҚШ-тың азаматтарын, әскери қызметшілерін өлтіріп, әлемнің бірқатар елдерінде жарылыс жасаған. 2000 жылдың 12 қазанында Иеменнің Адан портында лаңкестік әрекет ұйымдастырған. Оның басына 5 миллион доллар тігілген.
  5. Джамель Ахмед Мохаммед Әли әл Бадави. Бұл лаңкес туралы жоғарыда жаздық. 2003 жылы Иемен билігі ұстағанымен, ол 2006 жылы қолдаушыларының арқасында  абақтыдан қашып шығады.
  6. Мохаммед Әли Хамадей. «Хезболла» лаңкестік ұйымының белсенді мүшесі. Ұшақта, жерде, пойыз бен ғимараттарда кепілдікке адам ұстап, бірнеше ғимаараттарды жарған. Соның салдарынан жүздеген адам опат болды..
  7. Әли Атва. Ол да «Хезболла»  ұйымының белсенді мүшесі. Әлемнің әр түкпірінде жарылыстар жасаған. 1985 жылдың 14 маусымында ол содырлармен бірге авиалайнердегі жолаушыларды кепілдікке алған. Оның да басына 5 миллион доллар тігілген.
  8. Хасан Изз әл Дин. «Хезболла» лаңкестік ұйымының мүшесі. Бүгінгі күнге дейін қайда жүргені белгісіз. Ол туралы ақпарат берген адамға АҚШ-тың Федералдық бюросы 5 миллион доллар беруге уәде еткен. Афинадан Римге ұшып шыққан ұшақты басып алған. Ондағы адамдарды кепілдікке алып, Бейрутке қонған. Осы кезде ұшақтағы бірнеше адамды атып кеткен. Соның салдарынан ондаған адам өліп, жарақат алған.
  9. Абдулла Ахмед Абдулла. АҚШ-тың бірнеше азаматын өлтірген, бірнеше ғимараттарда жарылыс жасаған. АҚШ-тың Танзания және Кениядағы елшілігінде 1998 жылдың тамыз айында жарылыс ұйымдастырған. Бүгінгі күнге дейін қайда жүргені белгісіз. Оның да басына 5 миллион доллар тігілген.

 

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір