• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:49:15
Алматы
+12°

01 Тамыз, 2018 NEWS

Ақыл сатып жүргендердікі жанашырлық па, бизнес пе?

Бүгінде ақыл сатқыш бизнес тренерлер мен психолог коучерлер жаңбырдан кейін саңырауқұлақтай көбейіп кетті.

Ақыл сатамын! Құлаққа түрпідей естілетін бұл сөз бүгін нормаға айналды. Ол "семинар, яки тренинг" деп аталады. Қолында миллион ұстап көрмегендер, миллионер болудың жолын көрсетеді, ана бақытын сезінбегендер , бала тәрбиесін үйретеді. Сорақысы, мұндай ақыл үйрететін тренингтерді шоу бизнес өкілдері де қолдап отыр. Тіпті психолог бапкерлер кітап оқымайтын еріншектердің арқасында бизнестерін дөңгелетіп отырғандарын да жасырмайды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы.
 
«Тренинг өткіземін! Табысты болудың кілтін үйретемін! Өміріңізге өзгеріс әкелемін! Әрі бақытты болуға мотивация беремін». 

Иә, бүгінде ақыл сатқыш бизнес тренерлер мен психолог коучерлер жаңбырдан кейін саңырауқұлақтай көбейіп кеткені белгілі. Мәселен, Арайлым Әбеуова мұндай бапкерлердің жілігін шағып, майын ішкен.  Мыңдаған ақшасын да аямай құйыпты. Тек түйгені шамалы.

«Өзі-өзінді тану, отбасымен бақытты болу дейді ия? Отбасын құру менің ойымша ешқандай тренингқа байланысты емес. Ол кәдімгідей бұрынғы біздің  апаларымыз, әжелеріміз айтатын нақыл сөздер. Отбасымен жақсы қарым қатынас. Ол сол сөзді тек қана бұрып, әдемілеп әспеттеп, заманауи қылдырып айтады» - дейді қала тұрғыны Арайлым Әбеуова.  
 

Десе де әбден машықтанған психолог-бапкерлер ақысыз жүргізілетін тренингтердің құны көк тиын. «Бақыттың кілтін тапқыңыз келсе ақшаңызды аямаңыз!» дейді. Олардың пікірінше ақшаның өзі энергия!   

«Ақысыз ақыл қонбайды. Жалпы, ақы төлеп келген семинарлардың, эффектісі өте жоғары. Ақша деген ол энергия.  Адам қандайда бір энергиясын жұмсаған кезде, сол жерден соншалық нәрсені алып кетуге, сол ақылды тыңдап, өзінің бойына сіңіріп, білімге ашық болуға, мүмкіндіктің пайызы жоғарырақ болады» - дейді психолог-тренен Құралай Қалиева.

Қыз-қырқын, болашақ  миллионер былай тұрсын, қазір өнер жұлдыздары да психологтардың тренингтерін жағалауда. Роза Әлқожаның пікірінше, қазір шоу бизнес өкілдері де мотивацияға зәру!

«Өйткені, әдеби көркем шығармалардан гөрі,  қазіргі біздің қоғамда, қалайда сынып кетпеу, қалайда жоқ болып кетпеу, өзінің мақсатынан ажырап қалмау деген қорқыныштар бар. Ол өз басымызда да бар. Сондықтан, кейде өзімізде жақсы ақыл кеңестер болса, қарап отырамыз деген сияқты, жалпы қоғамның қазіргі сұранысы сол» - дейді әнші Роза Әлқожа.

«Неше түрлі тренингтардан өткем, ол негізі керек нәрсе. Дұрыс мұғалім болса. Дұрыс әңгімені айтса. Ол кейбір адамдарға керек. Қарап отырсаңыз тренингті көп адам береді да, өздері тренингтің не екенін білмейді да, бірақ адамдарға құя береді әңгімені. Сондықтан осындай тренингтардан байқаңыздар, қымбатты көрермендер!» - дейді әнші Кентал.

Еліміздегі бапкерлердің  бағасы да танымалдылығына байланысты сан қилы. Бір күндік ақылы шамамен 20-30 мың теңге. Ал шетелден ат терлетіп келетін тренерлердің ақысы 100 мыңнан асып жығылады. Бірақ, ең қызығы бәрінің де айтары бір. 

«Текке не үшін сіз босқа біреуге ақша бересіз?!Босқа уақытыңызды... ол деген бес-алты сағат баланы бір жерге қалдыру керек иә, мысалы, қыз-келіншектер. Бес-алты сағатыңды сен сол жерге жұмсайсың , одан кейін одан нәтиже бола ма, міне мәселе сонда!» - дейді қала тұрғыны Арайлым Әбеуова.

Бапкерлер семинар мен тренингте айтатын дүниелердің бәрі де кітапта жазылғанын жасырмайды. Тек, әттең оны оқитындар кемде-кем. Сондықтанда оны шайнап берудің өзі ақша!

«Қазір кітап оқымайтын заман. Үйдегі менің кітапханамды көрсе жұрттар таң қалады. Мына кітаптың бәрін кім оқиды деп?Оқымайды. Сол оқығаныңнан қаймағы 100 сүттің 5 пайызын ғана әкеліп, соны жұта алмайды. Сол семинар жалқау адамдарға арналған» - дейді психолог-тренер Құралай ханым. 

Осылайша, психология еріншектердің ермегі ме? Әлде шынында ақыл сатқыштардың адамның ой санасына, табысқа жетуіне, өрлеуіне берері көп пе?Бұл сұраққа әділ жауапты көрермендердің өз еншісіне қалдырдық!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір