• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:07:15
Алматы
+12°

01 Қараша, 2018 Оқиғалар

Астананың әкімі клипке түсуі мүмкін

Жастар сөзімен айтсақ, челлендждер көбейді.

Министр мен депутаттар әдебиеттен сөз жарыстырып жатқанда, әкімдер өзі басқарып отырған аймақты мақтаумен әлек. Ғаламтордағы көз шалған жағдай бұл. Жастар сөзімен айтсақ, челлендждер көбейді. Тағы бір қызық. Астанаға жаңадан тағайындалған әкім клипке түсуі мүмкін екен. Бақыт Сұлтановқа мұндай ұсынысты жасаған кім? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Бұл еліміздің ең көңілді ректоры шығар. Павлодардағы Жоғары оқу орнын басқаратын Марат Баяндин әлеуметтік желілерде "Скибиди челлендж" атымен танымал бидің желісімен студенттерді ұлықтау рәсіміне шақырған болатын. "Жастармен үнемі жұмыс істейтіндіктен олармен бір толқында болғым келді",- дейді өзі.

«Так, отлично размялся. Теперь, я думаю, можно сходить и посмотреть посвящение студентов».

Оқу орнын емес, бүтін бір өңірді басқарып отырған әкімдер шаңдата билемесе де, өзіндік челленджге қатысып жүр. Ең бірінші болып Шымкент пен Астанананың бұрынғы әкімі көрінді. Ғабидолла Әбдірахымов Шымшаһарды "Зың", Әсет Исекешев Елорданы «Самая вышка» деп атағаны есте.

- Өмірді бір-ақ рет сүру керек, оны қайда сүру керек, Ғабеке?  

- Шымкентте. Шымкент зың-зың!

- Әсет Өрентаевич, Астана қандай?  

- Астана -Самая вышка!

Үшінші мегаполис Алматының әкіміне берілген кезек әлі жалғаспапты. Бауыржан Байбектен жауап алмақ болған Ерғазы Әзімханұлы ақыры әкімдік табалдырығынан аттай алмай, қайтып кетуге мәжбүр болды.

“Өкінішті, әрине! Мүмкін, бұл кісілердің басқа да жұмыстары көп шығар. Мүмкін тиіннің шаруаларымен жүрген шығар. Сол үшін біз ештеңе дей алмаймыз”

Есесіне, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Тараз қаласының басшысы Ғалымжан Әбдірайымовтан жауап алудың сәті түсіпті.

- Ақтөбе облысын жануарға теңесеңіз, қандай жануарға теңейтін едіңіз?  

- Барысқа. Ақтөбе барысқа ұқсайды. Тұрған жері, жан-жағы, халқы.

- Ғалымжан аға, Тараз қаласы қандай өлеңнің сөздерімен сипаттайсыз?  

- Өлеңді не қыламыз, киномен көрсете берейік те.  

- Қандай кино?  

- «Джентельмены удачи» «Там тепло, там моя мама».  

- Ал өлеңмен сипаттасақ ше сонда да.  

- От-от жанарың!

Әкімдерді өзгеше сұрақтармен мазалап жүрген Ерғазы Әзімханұлымен тілдестік. Мінберде отырғандар да қарапайым адамдар екеніне көз жеткізгім келді дейді өзі. Көбінесе қойылған мақсат өзін ақтап жатқан көрінеді. Келесі жауап Қырымбек Көшербаевтан сұралатын секілді. Ал Астанаға жақында тағайындалған Бақыт Сұлтанов клипке түсуі мүмкін екен.

“Жоспарда қазір кішкене Сіздерге айтып қояйын. Бір өлең бар. Хит өлең мықты. Сол өлеңнің сөздерін шамалап өзгертіп, әкімнің жаңа қазіргі жұмысы қалай болып жатқаны туралы инстаграмда креативті клипімізбен жеткізгіміз келіп тұр. Ол клипте біздің жаңа әкім Бақыт Сұлтанов түсетін болады» - дейді блогер Ерғазы Әзімханұлы.

Билік басындағылардан тағы бір челлендж. Жақында Ақпарат және коммуникациялар министрі өз парақшасында бір видео жариялады. "Тұлпар мініп, ту алған" атты ұлттық жоба аясында Дәурен Абаев «Алпамыс батыр жырынан» үзінді оқып шықты.

«Далада мен отырмын құрып өрмек. Жалғызымды қасымда қылып ермек. Баламды менің жалғыз өлтіргенше, Алсайшы Гүлбаршынды қу жүгірмек» - дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Министр жыр кезегін депутат Геннадий Шиповскихке берді. Халық қалаулысы өзін көп күттірмеді. Дастан оқудан кенде емес екенін көрсетіп қалды.

“Талай бала қырғансың. Шекті деген еліңде. Сарыбай деген бай еді. Жалғасқызы Гүлбаршын 15-те туған ай еді. Жасыңнан саған айттырған Гүлбаршын сұлу жар еді. Ал енді осы эстафетаның жалғасын еліміздің батыры, әріптесім Бақытбек Смағұл ағамызға жолдаймын» - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских.

Министр, депутаттар осылайша елдің әдебиетке деген қызығушылығын оятқысы келген секілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір