• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:58:12
Алматы
+12°

30 Қаңтар, 2019 Экономика

"Доширак", "Роллтон" сынды кеспелер мидың қатерлі ісігіне шалдықтырады

Бүгінде әлем елдері алдындағы ас-ауқатын талғап, таразылап ішуді әдетке айналдырғалы қашан?!

Бүгінде әлем елдері алдындағы ас-ауқатын талғап, таразылап ішуді әдетке айналдырғалы қашан?! Қазір әлемдік тұрғыда ас-ауқатын талдап, талғап ішетіндерідң санаты артып отырған кезең. Салауатты өмір салтын ұстанғысы келетіндердің дені ішер асына аса талғаммен қарайды. Ал біздің отандық ғалымдар қазақ тұтынушысы тағамды талғап ішуге келгенде әлі де сауаты емес екенін баса айтып отыр. «Олай деуімізге себеп, қазірде астан ауру тауып алып, артынан денсаулығын түзете алмай жүретіндердің көптігі» дейді мамандар.

Бұл ретте, мамандар болашақта бізге де дастарханымыздағы асымыз туралы мол ақпарат алуға, сауатты таңдау жасауға ықыласты болуымыз керектігін алға тартып отыр.

Доширак пен Ролтонға сұраныс артқан

Деректерге жүгінсек, қазірде қазақстандықтардың 35 пайызы тез даярланатын тағамдарды тұтынуға құштар. Бұған бір жағы уақыттың тапшылығы, жұмысбастылық себеп болса, енді бір жағы тез даярланатын тағамдарды пайдалану арқылы елдер қаржысын да үнемдейтін көрінеді. Бұл ретте мамандардың пайымдауынша, аталмыш өнімдердің денсаулыққа өзіндік зияны бар екені нақты дәлелденіп отыр.  

– Қазір тез даярланатын «Ролтон», «Доширак» кеспелерін жұртшылық ұлттық тағамдарындай тұтынатын болып алды. Өзі арзан әрі тез даярланатын болғандықтан халықтың көбі осы тағамдарды жол жүрсе де алып жүреді, үйінде де тұтынады. Бірақ аталмыш өнімдерге қатысты ғылыми дәйектер жақсы мінездеме бермейді. Мәселен, біз жуырда елімізде күнде жарнамаланып жүретін «Кішкентай кеседегі кеспе» деп аталатын жартылай дайын кеспелерінің адам миына зияны айрықша екенін анықтадық. Егер адам үстіне қайнаған су қоса салатын, бес минутта дайын болатын «Доширак», «Бик-бон», деп аталатын сансыз атаулары бар осы кеспені жиі тұтынса, кеспедегі қоспалар адамның миына барып жинала береді екен. Бара-бара әлгі қоспалар томпайып ісік тәрізді болып адам миында қатып қалады. Дамыған және дамушы елдерде  бұл өнімді тұтынатындар некен-саяқ. Ал бізде бұл өнімдер әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың күнделікті тұтынатын тағамына айналғаны даусыз. Сондықтан  біз ұлтымыздың денсаулығын ойласақ, алдымен жұртты алдамай, өнім сапасыз болса жарнамасына шектеу, бақылау, қадағалау қою керек. Бұл өнімдерге өнімнің сапасын сақтап тұру үшін глютомат қосылады. Ал глютомат дегеніңіз қатерлі ісік дертін бірден-бір қоздырушы зат, - деді ғалым Жандос Ақаев.

Қымыз қымбат, лимонад қолжетімді

Жалпы, ғалымдардың зертханалық сараптама жұмыстарына жүгінсек, көптеген тағам өнімдерінің жарнамасы мен жасалу тәсілінің арасында тым алшақтық барын көреміз. Әсіресе мамандар біз шөл басар деп ең көп тұтынатын лимонадтардың да талапқа сай емес екенін алға тартты.

– Мәселен, кейбір лимонад сусындарының қаптамасында «Тархун татитын лимонад» деп жазылып тұрсын делік. Бір сусынды дайындауға: киви – 1,5 келі; тархун – 0,25 келі; қант – 0,5 келі; жалбыз – 0,01 келі; лимон – 0,170 келі; сарыағаш минеральды сусыны – 1 дана. Міне, аталмыш өнімді дайындау үшін осыншама қажетті нәрсе керек. Ал біз тұтынатын лимонадтардың кейбіріне  минералды "Сарыағаш" пен 0,2 келі тархунды блэндерде шайқап, оған қалағанынша қант қосып, қалап тұрса, су қоса салу арқылы өнім ең жеңіл жолмен дайындалатыны мәлім болды. Мұнымен қоймай, осылай дайындалған өнім сыртына «кивиден жасалған таза тархун сусыны» деп өнім туралы жарнамасын асыра түсінік береді. Бұдан соң ананастан жасалған сусындарды  таза табиғи жолмен дайындау үшін: ананас – 1,25 келі, қымыздық – 0,4 кг. лимон – 0,175 келі  қажет. Ал бұл өнімді өндірушілердің бір бөлігі ананаспен қантты араластырып, оған құрғатылған сусынды суға езу арқылы жеңіл әдіспен даярлай салады, - дейді диетолог Маржан Бақытбекова.

Маманның пайымдауынша, қазақы сусын шұбат пен  қымыздың пайдасы мол екені әлдеқашан дәлелденген. Бірақ мұны түсінгенмен, өнімнің қымбаттығы жұрттың қалтасын көтермейді.

– Бiр литр түйенің шұбатында  528  ккал болса, бие сүтiнде 961, сиырдікі 460 калорияны құрайды. Сондықтан қымыздың адам ағзасына берер пайдасы мол. Қазірде біздің халқымыздың 99 пайызы рецептсіз дәріханалардан дәрі-дәрмек алып өзін-өзі емдеуге бейім. Тіпті түрлі биологиялық белсенді қоспаларды ішіп, денсаулығын құртып алып жүрген жандар да баршылық. Сол биологиялық белсенді қоспалардың орнын осы қымыз, қымыран, саумал іспетті ағзаға пайдалы табиғи қоспалар арқылы алмастырар болсақ, талай дертке дауа табылар еді. Мысалы, 1 таблетка құрғақ өнімнің ішінде 1,24 грамм қымыз болады делік, бұл дегеніңіз -  сол бір түйір таблетканың ішінде В1, В12, В16, С дәрумендері бар екенін білдіреді. Ал күніне 1 грамм С дәруменін қабылдау иммун тапшылығын жойып, түрлі дерттердің алдын алады. Адамның қорғаныш қабілеті артуы үшін тағам құрамында ақуыз, көмірсутек, белок жеткілікті болуы керек. Меніңше, бізге қымыздың табиғи белсенді қоспа екенін насихаттау керек. Арнайы зертханаларда құрғақ қымыз жасау әдісін қолға алып, нарыққа сатылымға енгізген жөн. Мұндай табиғи заттардан жасалған дүниелердің насихаты артса ұлтымыздың саулығы да нығая түспек, - дейді Маржан Бақытбекова.

Дәрумен дегеннің бәрі ақиқат емес

Сондай-ақ, «қазірде біз жиі тұтынатын аталмыш тағамдардың  ішіндегілердің дені дәрумендер емес» деседі мамандар.

– Қайсыбір тағамдарда «ағзадағы холестерин деңгейін төмендетіп, қан айналымын жақсартады» делінген. Қарасаңыз, өнімнің құрамында фитостерин бар болып шығады. Фитостерин - құрғақ дәрілік экстракт. Ол ішекке барып ериді де, ағзадағы холестеринді төмендедіп, қан қысымын реттейді. Қайсыбір өнімдердің осындай дәрілік препарат қосатын ішіне бүккен құпиясы бар. Негізінде, ас-ауқат атаулы бөлек, «денсаулықты нығайтады, иммунитетті көтереді» деп дәрумен алғанның өзінде аса талғаммен қарау керек. Бұл ұлт денсаулығы үшін маңызды, - дейді Маржан Бақытбекова.

Қарлығаш Зарыққанқызы

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір