17 Сәуір, 2018 NEWS
Мәскеуде терезеден құлаған қазақстандық студенттің жағдайы ауыр
15 сәуірдегі жағдай бойынша қазақстандық студенттің хәлі өте ауыр, бірақ қалыпты, бірнеше жедел ота жасалған.
Мәскеуде өткен аптаның соңында терезеден құлап кеткен қазақстандық студенттің жағдайы ауыр.
Томирис Байсафа – қазақстандық стилист Жанна Ахметованың қызы. Ата-анасы болған оқиғаны ести сала Мәскеуге ұшқан. Қыздарымен телефон арқылы сөйлесуге тырысқанымен, Томиристің жағдайы ауыр болды.
«Біз Мәскеуге жете сала Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қызметкерлері көмектесті. Томириске ота жасалды, қазір комада жатыр, жағдайы ауыр», - деді анасы «Время» басылымының тілшісіне.
Томиристің құрбысы Әйгерім Әшімованың айтуынша, елшіліктің қолдауымен ота тегін жасалды. Алайда болашақта қыздың толық айығып кетуі үшін аурухана есігін талай қағары анық. Сол себепті Әйгерім тиісті қаражаттың жартысын жинау үшін қазақстандықтардан көмек сұрады.
Айта кетсек, 13-ші сәуірде Мәскеуде Халықаралық қатынастар институтының студенті, Томирис Байсафа төртінші қабаттағы аудиторияның терезесінен құлап кеткен. Туыстары мен достары қызды біреудің итеріп жібергеніне сенімді. Әзірге күдікті ретінде Томиристің дағыстандық досы Магомед Котиев танылды. Ресейлік БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, Томирис пен дағыстандық азаматтың ұрсысып тұрған сәтін көрген куәгерлер бар. Деректер қыз бен жігіттің арасында достықтан да жақын қарым-қатынастың болғанын келтірді. Алайда Магомед Котиев болған оқиғаға қатысы жоқ екенін айтты. Жігіттің айтуынша, Томирис екеуі араласпайды, тіпті таныған да емес.
Қазіргі уақытта қазақстандық қызға қатысты оқиғаны Ресейдегі Қазақстан Елшілігі бақылауына алды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір