15 Наурыз, 2019 Әлеумет
Мүфти: Көп әйел алып, сауапты іс жасаймын дегендер оңбай қателеседі!
Оның айтуынша, көп әйел алушылық – әйелдер мен балаларға деген әділетсіздіктің белгісі.
Каирдегі «әл-Азхар» унивеситетінің бас мүфтиі Ахмад әл-Тайыб ислам дәстүрінде ежелден қалыптасқан көп әйел алушылыққа қарсы шықты.
«Көп әйел алып, исламның бір міндетін атқарамын дегендер оңбай қателеседі. Құранға тереңінен үңіліп көрсін. Онда бір некелілік, яғни моногамия жайлы тереңінен айтылған, ал көп әйел алу жайлы ереже жоқ. Оған белгілі шектеу бар, әрі әділеттілік жағы да қарастырылған. Бірнеше әйеліне әділетті бола алмаған еркек тек бір әйел алсын!», - деді дін маманы.
Оның айтуынша, көп әйел алушылық – әйелдер мен балаларға деген әділетсіздіктің белгісі. «Әйел – қоғамның бір бөлшегі, тең жартысы. Олардың мүдделерін де ойлауымыз тиіс», - деді мүфти. Алайда көп әйел алуға тыйым салу туралы айтпаған. Тек әйелдердің құқығын, қалауын сыйлай білу керектігін ескертті.
«Исламда әйелдерге ерекше құрметпен қарайды. Оларға деген қарым-қатынаста ислам діні ер адамнан әділетті болуды талап етеді», - деп сөзін қорытындылады.
Жалпы көп әйел алушылық әлемде сирек кездеседі. Ал Түркия, Тунис және Израильде көп әйел алуға заң тұрғысынан тыйым салынған.
Дереккөз: newsru.co.il
Ұсынған: Гүлім Жақан
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір