• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:00:07
Алматы
+12°

24 Қаңтар, 2018 NEWS

Оқушы қыздарға жыныстық қатынасқа түсуді үйретіп, мүшеқап ұсынған кім?

Ашынған ана сексуалдық қарым-қатынасты суреттейтін парақшаның түпнұсқасын әлеуметтік желіге жүктеді

Жақында бесіктен белі шықпаған балаларға жыныстық қатынасқа түсудің жолдарын бүге-шүгесіне дейін үйрететін парақшалар таратылған. Тіпті, тегін мүшеқаптар берілген деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы.

Елордадағы мектеп оқушыларына "жыныстық қатынасқа түсу жолдарын" үйретенін парақшалар таратылған. Жаға ұстатарлық брошюралардың бірі Астаналық Гүлбану Әбенованың қолына түскен. 

«Мүше қапты қалай қолдану керек, жігіттерді қанағаттандыру туралы айтыпты. Қазақ қоғамында аса көп талқылана бермейтін тақырыптың осылайша анайы түрде берілгені ашуымды тудырды.  Мен де 15 жастағы қыз тәрбиелеп отырмын, оның қолына мұндай қағаз түскенін қалмаушы едім» - деп наразылығын білдірді қала тұрғыны.

Осылайша, әбден ашынған ана сексуалдық қарым-қатынасты суреттейтін парақшаның түпнұсқасын әлеуметтік желіге жүктепті. Оны оқыған жұрт та таң қалысып жатыр. Пікір де екіге бөлінген. Бірі дұрыс десе, екінші тарап "сұмдық" деп пікір қалдырған. 

Kulyanda Baturbekova: Ой сұмдық ай. Мынау біздің мəдениетке тіпті ерсі..Бəрінің де шегі бар! Енді қалғаны осы еді. Бұрын өзіміздің класс жетекшілеріміз қыздарды бөлек, ұлдарды бөлек шақырып, əңгімелесіп-ақ жеткізетін еді.

Nazgul Zhardembek: Біздің  қоғамда не болып жатыр? Әпкемнің айтуынша, ауылдағы 5-сынып оқушылары жыныстық қатынасқа түсіп жатыр екен.  Тіпті, қоңырау кезінде балалардың үстінен бірнеше мәрте түскен. 

Alfiya Sagittarius: Дұрыс айтасыз! Қағазды қызыма көрсеттім. Оның айтуынша, мұнда жүктілікті алдын-алу жолдарынан гөрі, жыныстық қатынасқа түсуге шақырту сияқты көрінеді

Белгілі болғандай,  жуырда  қалалық мектептердің бірінде ерте жүктіліктің алдын алу бойынша қыздарға дәріс оқытылыпты.  Ал, анайы түрде жазылған қағазды бойжеткендердің қолдарына мамандардың өздері  ұстатыпты. 

 «Негізі емханада орналасқан "Салауатты өмір салтын қалыптастыру  орталығынан келген жарнамалар ғой. Сол жақтан келген мамандар. Қажет дәрістер ғой былайша,ибірақ әрине мазмұны жас ерекшелігіне сай жасалу керек болатын» - дейді қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова.     

Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, кәмелет жасқа толмаған жастарға жыныстық қатынасқа түсу жолдарын бүге-шүгесіне дейін үйрететін парақша алдын-ала тексерістен өтпеген. Себебі, 14-16 жастағы оқушыларға өткізілетін кез-келген дәріс пен түсіндірме парақшалары арнайы орталық мамандарының бақылауынан өтуі қажет. 
 
«Бұл ақпарат бойынша біз ешқандай мәлімет алған жоқпыз! Ақпаратта көрсетілген мынау ҚПМА тек соларға арналған. Бұл балалар үшін емес,тек қана медицина қызметкерлері үшін ұсыныс ретінде ұсынылған. Бұл - мектеп оқушылар, жастар үшін ақпараттық қағаз болып табылмайтынын100 пайыз айта аламыз» дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының жанұяны жоспарлау жөніндегі бас маманы Жанерке Ажетова.

Білім және ғылым министрлігі де бұл мәселеден хабардар болып шықты. Вице-министрдің айтуынша, аталмыш мәселеге қатысы бар  қызметкерлердің бәрінен жауап алынып, мектептерде арнайы қызметтік тергеу жұмыстарын бастамақ.

«Бүгін біз қызметтік тергеу жұмыстарын жүргіземіз. Бізде білім басқармасын бақылау комитеті бар. Олар парақшаны кім жазғанын, кім оны таратуға пәрмен бергенін анықтайды» деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

Осылайша, құлаққа тұрпайы естілетін мәселенің шығуына әзірге кім кінәлі екені белгісіз. Тек, алдағы уақытта мектеп оқушыларына өткізілетін дәрістер, семинаралар жіті сүзгіден өткізілмек. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір