• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:24:05
+35°

15 Сәуір, 2017 NEWS

ҚАМШЫ АГЕНТТІГІ АЛАШ-ОРДАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 100 АҒАШ ЕГУ ІСШАРАСЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Бүгін Алматы қаласында Алашорданың 100 жылдық мерейтойына орай «100 ағаш егу» акциясы өтті.

Бүгін Алматы қаласында Алашорданың 100 жылдық мерейтойына орай «100 ағаш егу» акциясы өтті.

Қамшы агенттігі бастамасымен өткен акцияға қоғам қайраткерлері, әдеби қауым өкілдері, журналистер, студенттер қатысты.

Ағаш егуге Қамшының оқырмандары көптеп қолдау білдіріп, атымтай жомарттық танытты. Алаш рухына арналған 100 ағаш Алашшыл белсенділердің қызу атсалысуымен Байтұрсынов және Жамбыл көшелерінің қилысында орналасқан Байтұрсынұлы саябағына отырғызылды. Аталған жерде ағаш егуге Алмалы ауданының әкімдігі үлкен қолдау жасады.

Биыл Қазақстан Республикасының іргетасы - «Алашорданың» құрылғанына 100 жыл толды. Бұл тарихи датаны ойдағыдай атап өту - Алаш арыстары аңсаған азат Отанда өмір сүріп жатқан біздер үшін абыройлы міндет екені даусыз. Жиналғандар өткен шараның Алаш идеясын, Алаш мұрасын насихаттауда маңызы зор екенін атады.

Алаш қайраткерлерін ардақтау турасында 1 ақпанда Үкімет отырысында сол кездегі Үкімет басшысы орынбасары Иманғали Тасмағамбетов «Алаштың 100 жылдығына дұрыстап дайындалуымыз керек. Алаштың 100 жылдығы сол заманмен қалып қоймай, бүгінгі тәуелсіз мемлекетпен байланыстыру орынды болады», - деген еді. Оған қазақ тілді БАҚ-тар мен Алаштанушы, Алаш қайраткерлерінің өмір жолын зерттеуші ғалымдар да өз үлестерін қосып жатыр.

Алаш қайраткерлі құрған Алаш-Орда мемлекетінің 100 жылдық мерейтойына орай БАҚ өкілі ретінде Қамшы ақпараттық агенттігі жыл басында 5 іс-шараны атқаруды қолға алған болатын.

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туған күнінде, 5 наурызда Алматыда Қамшы агенттігі Алаш арыстарына арнап ас берген еді.

Алдағы уақытта Қамшы ақпараттық агенттігі 100 жетім баланың мұқтаждығын қамтамасыз ету, 100 үлгерімі жақсы мұқтаж студентке бір жолғы шәкіртақы беру және «Алаштың 100 ізбасары» деген атпен елге еңбек етіп жүрген қайраткерлер арасынан 10 адамға «Алашорда – 100 жыл» мерекелік медалін табыстау сынды іс-шараларды атқаратын болады.    

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір