25 Қазан, 2018 Оқиғалар
Қасымов конголық әйелдің күйеуін іздейді
Ішкі істер министрі Қасымов «Бұл мәселені елшілікпен бірлесе отырып шешеміз» деп кесіп айтты.
Моника Камукендж Камганза есімді конголық 2017 жылы Қазақ еліне ЭКСПО кезінде жұмыс жасау үшін келген екен. Қазақстандық жігітке (әйелдің айтуынша сүйіктісінің ұлты қазақ) ғашық болып, одан аяғы ауырлаған. sputniknews.kz-тің дерегін негізге алсақ, үстіміздегі жылдың тамызында елордалық перзентханаларының бірінде аман-есен қыз баланы дүниеге әкеледі. Дүние есігін ашқан қызына Блессинг деген есім беріпті. 27 жастағы Моника Камганза заң білместіктің кесірінен визасын ұзартуды білмеген. Сондықтан да Моника бүгінде өз Отанына Конго мемлекетіне қайтуға мәжбүр. Бірақ Мониканың Қазақстаннан кеткісі келмейді екен. Ол баласымен бірге Қазақ елінде қалып, өмір сүруді рұқсат етсе дейді. Бүгінгі таңда әлеуметтік жұмыскерлер Моникаға құжат рәсімдеуге қол ұшын беруде.
Ішкі істер министрі Қасымов, Назарбаевтың сөзімен айтсақ, еліміздегі ең тәжірибесі мол полицей «Бұл мәселені елшілікпен бірлесе отырып шешеміз» деп кесіп айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір