• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 03:05:11
Алматы
+12°

15 Наурыз, 2019 Спорт

Рамзан Кадыров Головкин жайында пікір білдірді

Бүкіл әлем Головкиннің рингке қайтып оралуын күтіп жатқанда, Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров біздің чемпион туралы пікірімен бөлісті.

Бүкіл әлем, әсіресе бокс фанаттары Головкиннің рингке қайтып оралуын күтіп жатқанда, Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров ҚР Президентінің ТРК-не біздің чемпион туралы пікірімен бөлісті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Сіздердің боксшыларыңыз - әлем чемпионы, ол өзін осындай деңгейге көтеру үшін бар жанын салды"- деді Рамзан Кадыров 

–Мен балалық шағымнан боксқа қатты қызықтым, әлі де жақсы көремін. Мен үшін ең дарынды адам ол - спортшы. Спортшыларды қатты құрметтеймін. Себебі олар жеңіске үлкен еңбектің нәтижесінде қол жеткізеді. Головкин мен үшін әлем чемпионы және сол атаққа лайықты. Ол өзін осындай деңгейге көтеру үшін бар жанын салды.  

Сондай-ақ Қазақстанда тек бокстың ғана емес, дзюдоның да қарқындап дамып келе жатқандығын байқайтындығын айтады  Шешенстан Республикасының президенті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір