19 Қыркүйек, 2018 NEWS
Үлкенге қол көтерген бұзақы Түркия азаматы болып шықты (видео)
Алматы қаласы ІІД мәліметінше, жүргізушіні ұрып-соққан жігіт 1990 жылғы түрік азаматы.
Өзге ұлт өкілінің азаматы жедел-жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан видео әлеуметтік желіде таралды. Анықталғандай оқиға Алматы қаласындағы Мақатаев көшесінде болған.
Алматы қаласы ІІД мәліметінше, жүргізушіні ұрып-соққан жігіт 1990 жылғы түрік азаматы. Жүргізушінің беті жарақатталып, қабағы жарылған. Оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілді.
«Оқиға Мақатаев көшесінде болған. Жүргізушінің беті-аузы қан-жоса. Есімі – Николай, шамамен 60 жаста. Жедел жәрдемде жұмыс істеп жатқанына ұзақ уақыт болған», - деп хабарлады ведомствода.
Ал ұсталған ер адам 1990 жылы туған Түркия азаматы. Оған қарсы ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бап 293 бөлігі («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір