• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:19:38
Алматы
+12°

05 Қыркүйек, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Ұйғыр ауданы деген атауды тездетіп өзгертіп, тарихи атауы Шарынды өзіне қайтарсақ

Бүгінде Шонжы ауданындағы тарихи жер-су, мектеп көше аттарын дыбыстық өзгеріске ұшырап, ұйғыр тіліне ауыстырылып, әуелгі этникалық мағынасын жоғалтуда.

2018 жылдың 30 тамызда Албан-Жарты атамыздың басына, ежелгі жібек жолының сілемінен, бүгінгі Құлжа Тәшкент тас жолының бойынан, Шонжының кіре берісінде бес гектар аумаққа Ызғарбек Бектұрсынов ағамыздың бас болып ұйымдастырумен, ел болып барлық Жарты ата ұрпақтары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, елдігін байқатып, үлкен ерлік жасап, елден өзгеше, мәдени түсі басым, мемориалдық озық үлгідегі тақта орнатты.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың және облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың құттықтау хаттары оқылды. Шонжы ауданның әкімі Шухрат ашылу сөзін сөйледі. ҚР сенаторы, ақын Нұрлан Оразалин, әнші Нұрғали Нүсіпжан, Асаналы Әшімов қатарлы тау тұлғалар бой көрсетіп сөз сөйледі.

50 ақ боз үй тігіліп, ас беріліп, ұлан-асыр той болып, арты үлкен концертке ұласты, жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Туыстар бас қосып, арқа-жарқа болды. Түс ауа аламан бәйге болып, бас жүлдені алған жел аяқ тұлпарға жеңіл көлік берілді.

Жыл санауымыздан бұрынғы VII-ғасырдан бастап Орта Азия өңірін мекен еткен шошақ тымақты Сақтар мен Ғұндардың ата қонысының орталығы Іле алқабы, Жетісу өңірі екені тарихтан белгілі. Үйсін мемлекеті Тянь-Шань (Ерен) тауының шығыс сілемінен Шу өзеніне дейінгі, Балқаш көлінен Ыстық көлге дейінгі кең байтақ өңірде қоныстанған. /1. 60-153беттер/

Қазақ Албан тайпасының Шонжы өңірінде қоныстанғаны 16 ғасырдан бастап белгілі, соның ішінде Албанның Қожбанбет, Жарты, Қоңыр бөрік, Шажа руларының ата қонысы./2/

Патшалық Ресей үкіметі тұсында осында «Сартоғай» «Қожбанбет» болыстары болды. Шарын өзенінің солтүстігінде 7 шақырымдай жерде Қарағаш ауылы болған. Осында бірінші рет қазақ мектебі бой көтерген. /2./

Жарты атамыз туылғанда төбесінде бір шоқ бұлт күн түсірмей бірге ілесіп жүретін болған. Ағасы Қожбанбет ауырған малын Жартымның бәсіресі деп құлағын кесіп, ен салса, ол мал өлімнен аман болған, Жартының мал өте қатты өскен, Жарты атына бай сөзі қосылып, Жарты бай атанған. Жартының ұраны Жартыбай. /2/ 

Жартыға жақсы қарағаны үшін ағасы Қожбанбеткеде құт дарып, би болған, алыстан ауыл шетіне іліне шопандардан Жартының жәйін сұрайтын, «Жарты аман болса жалпы аман» деп бейғам күй кешетін болған, себебі Жартының кереметі барын, үстінен нұр шашып тұратынын Қожбанбет жақсы білетін.

Ел жайлауға көшіп бір ауылдың тұсына келгенде, көшке сусын ұсынуға шыққан аға-жеңгесіне ере келген бойжеткен боз інгеннің үстіндегі шоқ бұлтты көреді. Көш ұсыныс бойынша сол ауылға қонақ болады, азанда қыз шешесіне түнде түсінде жарты айдың ағып келіп қойнына кіргенін айтады. Таңғы шайда түс жоруды ел ағасы деп Қожбанбетке берді, сонда Қожбанбет бірден аузына Құдай сөз салып, «біз онда құда болады екенбіз» деп жорыған екен. Қыз әкесі орта жүздің Қаракесек руынан Кегенбай деген кісі екен. Қыздың аты Қарашаш болыпты. Қырық қара қалың мал беріп, Жарты мен Қарашаш үйленіп өсіп өнген. Жартының шын аты Мұсылманбай, Жартыдан Айдабол есімді ұл туады, одан Әзет, Мәзет тарайды, одан бүгінгі төрт Жарты Солтангелді, Таңатар, Еспер, Қанай тарайды.

Қазіргі Сұңқар ауылының тік төмен құйылысындағы ыстық суға байланысты мынадай аңыз бар: Жарты атамыз бір сапарда жолдастарымен келе жатқанды, аптап ыстықта әбден қаталайды, сонда да топыраққа Тәяммум алып, бесін намазын жоластарымен жамағат болып оқиды. Намаз оқып болғанда алдарынан жылы су шыққан. Жарты атамыз: Жарты руы өсіп-өнеді, осы мекенге солар ие болады, бұл аумақта үлкен елді мекен бой көтереді, мына ыстық су қияметке дейін тоқтамай шығады деп айтып кеткен. Атамыздың жарқын болашақ туралы болжамжары бүгінде дәл келіп Шонжы өңірі дерлік Жартылардың ата қонысына айналды. Жарты атамыздың құрметіне Алла Тағала сыйлаған жылы суы бүл күнде сол аумақтан көп шығады, әсіресе Добын арасанының жылы суы бүкіл елге пайдасын тигізіп отыр.../3.5-10 беттер/

Біздің қасиетті Қазақ елі бас сауғалап келген барлық ұлттар мен ұлыстарды алаламай бауырына басып, қонақ деп төрінен орын беріп сыйлап келді. Солардың біреуі ұйғырлар 1881-1883жылдары Қытай асып келген. Бүгінде Шонжы ауданындағы тарихи жер-су, мектеп көше аттарын дыбыстық өзгеріске ұшырап, ұйғыр тіліне ауыстырылып, әуелгі этникалық мағынасын жоғалтуда. Мысалы: қазақ ауылы Ақтам, Тирмен, Кеңес, Дардамты, Арғы долайты, Тас қарасу, Кетпен, Диқан, Жұлдыз, Кеспебұлақ сынды елді мекендері бұл күнде Ақтама, Тігірмен, Кеңеш, Дардамтуі, Дұлайты, Ташқара су, Кетмен, Дыхан, Юлтыз, Бүдеті, Бахар, Шырын деп ақырындап өзгеріп бара жатыр. Жер-су атауларына қатысты ұйғырлар жалғаннан тарихи аңыз жасап, халық арасына таратуда. Мысалы Назгүм үңгірі аңызы еш тарихи шындыққа жанаспайды, онда Қазақ жеріндегі Ақсу атауын Қытайдағы Ақсуға апарып телиді. Шонжы өңіріндегі мектеп көше аттары дерлік ұйғырлардың атына берілген. Мәселен; Изім Иіскендір, Іля бақтя, Әбдулла, Розы Бақиев, Ахметжан Қасыми, Құдыс Қожамяров, Розр Бакиев, ал бұлардың Қазақ еліне сіңірген еңбегі бар екені рас, ал мына Лотпола Мүтәліп, Зяад Самади, Ғайни Батыр, Садық палуан – бұлар Қытай жеріндегі ұйғырлар. Қазақ топырағында еш ізі жоқ. Ежеден қоныстанған қазақтан бұл жердегі жер-су мен мектеп көшелерге атын беретіндей ұлы перзенттері шықпағаны ма? Бұлай істеуінің артында қандай ой жатқанын түсіну қиынға соқпайды. Біз ұйғыр ауданы деген атауды тездетіп өзгертіп, жеріміздің тарихи атауы «Шарынды» өзіне қайтарсақ.

Қазақстандағы басқа ұлттар мен ұлыстар да өзі тұрған жердегі жер-су, мектеп, көше аттарын осылай ақырындап өзгертсе, өз аудандарын құрса не болмақпыз, онда қасиетті топырағымыз бен ұлы Отанымыздың тағдыры қалай болмақ... Шонжы ауданында бүгінде Сүмбе, Шошанай таза қазақ ауылдары. Ал Қырғыз сай, Ақтам, Сұңқар, Кетпен, Кеңес, Үлкен Диқан, Кіші Диқан, Кеспе бұлақ, Тас қарасу, Рахат ауылдарында қазақ халқы саны басым болғанына қарамастан Х.Аметов, А.Қадиров, Г.Илиев, З.Минамов, Р.Сеитова, Ю.Раджибаев, М.Насыров/4/ сынды 7 Халық Қаһарманы және Соцалистік еңбек ері шыққан арасында бір қазақ жоқ, сонда бұл өңірдегі қазақтар ешқандай еңбек етпегені ме? Тым болмағанда қой бағудан да еңбек ері шықпағаны ма? Ертеңгі ұрпақтың санасына жалған аңыздар мен бұрмаланған жер-су, аттары сіңсе, 50 жылда өз жерімізді өзіміз танымай қалмасымызға кім кепіл?!

Халық Балықбай тегі          

ҚазҰУ, PhD докторы

 

Пайдаланған әдебиттер:

  1. Нығмет Мыңжан. «Қазақтың қысқаша тарихы». Шинжияң халық баспасы. 1987жылы. Үрімжі қаласы. 682бет
  2. Жәлел Айдархан. «Албандар». Ан-арыс баспасы.2013 жыл. Алматы қаласы.  880бет
  3. Дәнеш Ахметұлы; Мамытқан Әбенұлы. «Албан-Жарты Ата».ҚАЗ ақпарат баспасы. 2004 жыл.199бет.
  4. Шонжы ауданының тарихы материалдары.
Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір