• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 05:00:35
Алматы
+12°

07 Қазан, 2018 Әлем

Хабиб Нұрмағамедов: Әкем мені жазалайтын болды

Пресс-конференцияға Хабиб Нұрмағамедов те келіп, кешірім сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Лас-Вегас қаласында өткен ғасыр жекпе-жегінде Хабиб Нұмағамедов өзінің чемпиондық белдігін сақтап қалды. Бірақ жекпе-жектен кейін жанкүйерлер мен Хабибтің арасында дау туындап, Хабибке чемпиондық белдік берілмеген болатын. Аталмыш келеңсіз жайтқа байланысты UFC президенті Дана Уайт пікір білдіріп, Хабибті чемпион деп есептейтінін айтқан. Кейін пресс-конференцияға Хабиб Нұрмағамедов те келіп, кешірім сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен келеңсіз жайт үшін жанкүйерлерден де, ұйымдастырушылардан да кешірім сұраймын. Менің кім екенімді көптеген адам біледі. Конор берілді, жеңілді. Құдайға шүкір, мен чемпиомын. Белдік те өзімде қалды.  Алайда мені әкем "сыйлай біл, сылата біл", деп тәрбиелеген болатын. Бірақ мен өзімнің отбасыма, ұлтыма немесе дініме қатысты жағымсыз пікірге шыдай алмаймын. Жекпе-жек кезінде болсын, жекпе-жектен бұрын болсын кез келген азамат қарсыласының дінін, ұлтын сыйлай білу керек деп есептеймін. Мен Құдайға шүкір мақтана аламын. Маған Путиннің өзі хабарласып жеңісіммен құттықтады. Менің бұл әрекетімді көрген әкем үйге барғанда жазалайтынын біліп отырмын. Әкеме менің бұл әрекетім ұнамады. Сіздерге рақмет!", деп Хабиб Нұрмағамедов журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартып пресс-конференциядан кетіп қалды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір