• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:54:47
Алматы
+12°

22 Мамыр, 2019 Дін

ҚМДБ Алматы облысын Ескелді ауданында болған оқиға байланысты мəлімдеме жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазіргі уақытта əлеуметтік желілерде Қадір Əмбияға қатысты таралып жатқан мəліметтерге байланысты ҚМДБ келесі жағдайды мəлімдейді. Əмбия Қадір 2016  жылдың 16 қыркүйегінде Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнарлы ауылы тұрғындарының өтініші бойынша осы ауылдағы мешітке молда қызметіне тағайындалған. 2019 жылдың 30 сəуірінде өз өтініші бойынша жұмыстан шығарылды. Қазіргі уақытта Қайнарлы ауылдық молдасын қызметін атқару өзге адамға жүктелген. Орын алған оқиғаның толық мəн-жайы тиісті құзырлы құқық қорғау органдары арқылы тексерілуде",- делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, 26 сәуірде Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық мешіт имамы Қадір Әмбиеұлының зорлық-зомбылығына шыдамай, өз-өзіне қол салған Нұрғиза Азатханқызының жұбайы Есхат Әйнекбекұлы президентке видео жолдады.

Оқи отырыңыз: 

♦Алматы облысында имам зина жасап, отбасылы әйелді өлімге душар етті (видео)

Дайындаған: Əсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір