• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 23:10:43
Алматы
+35°

07 Қазан, 2016 IT

Халықты шаршатқан байланыс операторларының қымбат тарифтері: Сіз қайсысын таңдайсыз?

Қазақстан ТМД елдері ішіндегі ұялы байланыс құны ең қымбат ел екенін Ресейдің тәуелсіз "ComNews Research" зерттеу орталығы көрсеткен.  Сонымен...

Қазақстан ТМД елдері ішіндегі ұялы байланыс құны ең қымбат ел екенін Ресейдің тәуелсіз "ComNews Research" зерттеу орталығы көрсеткен.  Сонымен қатар, Ресейдің дәл сол тәуелсіз "ComNews Research" зерттеу компаниясының 25 ақпан 2013 жылғы "Қазақстанның аймақтарындағы ұялы байланыс қызметтерінің құны" тақырыбындағы зерттеулерінің нәтижелеріне сәйкес, Қазақстандағы ең қымбат ұялы байланыс Kcell  (GSM Kazakhstan операторы) болып табылған. Бүгінгі смартфонға телмірген заманда бір адамда қос-қос телефон мен екі-үш нөмірден бар.  Телефон тек байланыс құралы ғана емес «Керегіңді алдыңнан, іздемей-ақ тауып беретін» заманның озық технологиясы болып отыр. Соған орай елімізде түрлі байланыс операторлары бар. Олардың ішінде ең  көп таралғандары - Актив- Кселл, Билайн, Теле2 операторлары.   Кейінгі кезде Қазақстандықтардың байланыс операторларына шағымдары күн санап көбеюде.  Осыған орай Qamshy.kz  тілшісі байланыс операторларына қатысты  халық  пікірін білген еді, жауаптар төмендегідей болды:

Ақбота: Кезінде  "Алло»Қазақстан3"  айлық төлемақысы мың бірдеңе болған еді. Кейін 2500-ге көтерді, енді міне тағы көтермек екен. Ал интернеті күннен күнге тек қанды ішеді. Сапасының нашарлап кеткені туралы бөлек әңгіме.

         

   

Сержан: Актив, күндіз бәлен түнде бәлен мегабайт деп бізді тобыр сияқты алдап келеді.

Актив операторының нөмірін бесінші жыл қолданып келе жатқан  Алматылық Гүлнара ханым былай дейді: Активтің «Алло, Қазақстан» тарифіне қосылғанмын, бірақ сол тарифте берілетін күндізгі және түнгі мегабайт санында «түнгі интернет» көлемін көп берген, оның өзі түнгі сағат 1-ден кейін қосылады. Әрине, көп адам түнгі бірден кейін интернетте жатпайды. Керісінше күндізгі уақытқа интернет көлемін көбейтсе дұрыс болар еді.   

   Абылай: «Активті» қателеспесем төрт жыл пайдаландым, ай сайын 2-3 мың теңге бірлік салып, шығыным көбейген соң   «Теле2-ге» ауыстым, бірақ ол барлық жерде ұстай бермейді. Қазір «Алтел» нөмірін ұстап жүрмін. Интернетте көп отыратын жастар  үшін өте тиімді. Бір айға 1000 теңге артығымен жетеді. Желі ішіндегі тегін қоңыраулары да бар.

Мақпал: «Актив» бұрын жақсы болатын. Кейінгі кездері бірлікті көп жеп қояды. Бір аптада 5 мың теңге құртқан уақыттарым болды. Активке хабарлассам, өзіңіз пайдаланғансыз деп, болар –болмас 270 теңгемді қайтарып берді. Нөмір ауыстырайын десем, таныстарымның бәрінде осы нөмір. Сонымен ай сайын 4-5 мыңды активке  төлеп жүрмін.

 Құралай: Мен шет елге көп шығамын, сол кезде «Активтің» роумингін қосамын. 5-10 мыңға деп қосасың, елге келсең 25-30 мыңға дейін шығып кетеді. Бір аптадай болды «Алло, Қазақстанға» қанша бірлік салсам да қосыла алмай жүрмін. «Актив» тариф бағасын қымбаттата беретін болған.  

Қуаныш: Tele2 Kazakhstan "Ақырын жүріп, анық бас!" дегенді ұстанған сияқты. Байқатпай бағаны көтеріп келеді. Басында өзім қызыққан тариф 880 тг болатын, кейін "Керегі осы!" деді де 990 тг қылды. Ал, енді асыра мақтап "Күшті" қылып шығарды. Айына 1390 тг. Осылай кете берсе қадірі кетеді ау..

  Байқап отырсаңыздар халықтың көбі «Актив» байланыс операторын қолданады.

GSM Қазақстан ұялы байланыс операторы — Қазақстанның байланыс нарығындағы GSM900, GSM1800, UMTS/WCDMA (2100 МГц) стандарты бойынша көш бастаушы оператор, және өз қызметін «Activ», «Kcell және Vegaline» брендтері арқылы көрсетеді.

Компания 1998 жылы 30 қыркүйекте құрылып, Kcell және Actіv сауда белгілерімен жұмыс істеп келеді. Қазақстан Республикасының 1058 қаласы мен елді мекенінде Kcell ұялы байланысының қызметтері көрсетіледі, ол негізгі автомагистралдардың 85%-ын қамтыған. Базалық станциялар халықтың 66%-ы тұратын аумағында сигналдың сапалы қабылдануы мен жеткізілуін қамтамасыз етеді. Kcell 113 елдің 236 операторымен автоматты роуминг, 32 елдің 48 операторымен GPRS-роуминг қызметімен байланысқан. Қазақстанда сондай-ақ, Bеelіne, Pathword, Neo,т.б. байланыс жүйелері қызмет көрсетеді.

Актив» компаниясының Қазақстан нарығына келгеніне 18 жылдан асқан. «Кселл»  АҚ акционері фин-швед-түрік компаниясы.  2012 жылдың ақпан айында Қазақтелеком TeliaSonera-дағы өз үлесін 1,519 млрд долларға сатып жіберген. 2011 жылдан бастап Актив IPO болып табылады.  Айналымда 168,4 млрд теңге болса,  Операциялы пайдасы 2015 жылы 52,6 млрд теңгені құраған,   таза табысы – 46,6 млрд.  Қызметкерлерінің саны -1830 адам,  Бас директоры – Ян Рудберг.

   Сараптама мен ресми деректер сөйлесін

Халықаралық 4Service Group  2016 жылдың қыркүйек айында өткізілген Қазақстан нарығындағы  байланыс құралын зерттеу нәтижелерін    жариялады.  Блиц-сұраққа 14 облыстан  1200 абонент қатысқан.

 Мәліметтер бойынша, республикада мобильді байланыс шығынының өсімі байқалады.  2015 жылдың үшінші кварталында 1000 және 2000 теңге көлемінде жұмсайтындардың үлесі 40% құраған. Бүгінгі таңда олардың саны 46% өскен.

« Негізгі сегменттерді  Beeline (84%) және Тele2 (83%)  операторларының  2000 тг дейінгі төменгі  мобильді байланыс шығындары құрайды. Ең қымбат байланыс операторы Kcell — 46%, оның абоненттері айына кем дегенде 2000 тг жұмсайды», — дейді сарапшылар.

 Қазақстандағы мобильді байланыс шығындары, Q3 2016

 Мобильді байланыс құралдарын ең белсенді пайдаланатындар 16 мен 29 жаса аралығындағы адамдар — 24%. Белсенділік жағынан екінші орында  —40-49 жастағы (20%) адамдар. Батырмалы телефонды елімізде қолданушылардың саны әлі күнге дейін жоғары деңгейде болып отыр, оларды сұранымға жауап бергендердің  28% қолданатын болып шыққан.  Сарапшылар жас айырмашылығы бар респонденттер мен телефон типінің арасында тұрақты тәуелділік бар екенін растап отыр: смартфонды қолданушылардың бөлігі 16-29 жас аралығында  95%, 70 жастан жоғарыларда 18%.   

 Зерттеу нәтижесі смартфон иелерінің 18% мобильді интернет қолданбайтындарын көрсетті. Мәліметте бір жыл ішінде интернет –қолданушылардың көлемі 29% өскенін көрсетуде. Мобильді интернеттің көптеген қолданушылары (39%)  орта есеппен айына 1 Гб жүктейді. 6 Гб жүктейтін өте белсенді қолданушылар үлесі 11 п.п. жетіп,  28% құраған.

Елімізде ең қолданылатын байланыс операторлары: Beeline (37%), Activ (25%) және  Tele2 (22%). Өткен жылдың аналогті уақытымен салыстырғанда олар бұрынғы позицияларында қалған.

Зерттеу барысында MNP (Mobile number portability — байланыс операторын нөмірді сақтау арқылы ауыстыру) осы жылы қолданушылардың қалауына байланысты болған : сұраққа жауап берушілердің   13%  ғана абонент қызметтеріне көңілдері толатынын білдірген және оператор байланыстарын ауыстыруға құлықты емес болып шыққан. Негізгі көңіл толмаушылықтың басты себебі деп респонденттер   мыналарды көрсеткен: байланыс сапасы мен мобильді интернеттің нашар жұмыс істеу (37%), қызмет бағасының тым жоғары болуы  (29%), сервис сапасы  (4%).

Мобильді операторлар бағасының да анализдері жүргізілген. Сарапшылар  мобилді қызмет құнынығ қымбаттап кеткенін атап өтті. Операторлар  желі ішіндегі SMS  пакетінің құнын азайтып тастаған.  Өткен жылмен салыстырғада барлық операторлар желі ішінде лимитсіз қоңыраулар ұсынған.

Зерттеулер ең тиімді тарифті жоспарларды Tele2 (Крутой) айына 1290 тг және  Beeline (БӘРІ 1200 тг.) ұсынып отыр дейді.

«Байланыс құралдары операторларының ұсынып отырған Интернет- ұсыныстары кең ауқымда тараған және пакет көлемі жағынан да ірі болып тұр.  Ең тиімді баға мен интернетті ( 100 Мб)  Activ, Kcell және  Tele2 —  ұсынған, бағасы 6,6 және  7 тг. делінген», — ақпаратта.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір