• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Мамыр, 15:33:35
Алматы
+35°

09 Мамыр, 2017 NEWS

9 МАМЫР «ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ» БОЛСЫН!

Әуелі «мерекенің» атауының өзі дұрыс емес. Шын мәнінде кімнің жеңгені, кімнің жеңілгені бәрімізге аян. Экономикалық, демократиялық, гуманистік...

Әуелі «мерекенің» атауының өзі дұрыс емес. Шын мәнінде кімнің жеңгені, кімнің жеңілгені бәрімізге аян. Экономикалық, демократиялық, гуманистік құндылықтар жағынан Ресей жеңдім дейтін мемлекетінен көп артта қалды. Жалғыз мысал: Путин мінген көлікке қараңыз, неміс маркасы Мерседес пен Volkswagen. VW көлігі қалай шығарылып еді, қанішер Сталинмен соғысқан Адольф Гитлердің тікелей бұйрығымен өндірілген «Volks-Wagen» («халықтың көлігі»). Бүгінде әлемдегі ең үлкен автоконцернге айналған. Volkswagen Адольф Гитлер, Якоб Верлин және Фердинанд Порше үшеуі ақылдасып шеше салған «халыққа арналған», 1000 рейхсмароктан қымбат болмауға тиіс көліктен неміс халқы ғана емес әлем игілік көрді десе артық емес. 
Атаулы датаның бізге қатысы. Иә, сол кездегі саяси себеппен қазақстандықтар да соғысқа қатысты. Ажал құшқан 600 мыңнан астам отандасты айтпағанда аш ішегі жабысып, асқазаны ас көрмей 16 сағаттап жұмыс істеген «тыл» құрбандары қаншама?! Соғыстан тірі келіп, «немістің тыңшысы» атанып, Сібірде тегін жұмысшы боп кете барған қаншама тағдыр бар? Айтсаң ауыр әңгіме... 


БҰҰ-ның 2004 жылғы 22 қарашадағы резолюциясына сай «Жеңіс мерекесі» аталған дата 8-9 мамырды(Капитуляцияға қол қойылған уақыт Мәскеу уақытымен 9 мамыр түнгі бір. Реймс жергілікті уақытымен 8 мамыр кешкі 11) «Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу күні» ретінде қайта атауды ұсынамын. Бұл әлде бір билік таптарының мүддесі үшін соғыста қаза тапқан 60 миллионнан астам адамның рухы алдында әділ болар еді.
Капитуляциядан СССР-дің Германиядан алған өтемін одақтас республикаларға бөліп бергеніне күмәнім бар. 
Соғыста кеудесін оққа тосып келіп, арамызда жүрген атайларға шексіз құрметпен! 

Қамшыгер: Нұрғали НҰРТАЙ

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір