• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Мамыр, 13:43:23
Алматы
+35°

Көлік министрлігі елде  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске өзгеріс енгізілетінін, оған сай автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұл 30 айлық есептік көрсеткіштен (110 760 тг) 100 АЕК-ке (369 200 тг) дейін ұлғайтылатынын хабарлады.

Егер құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталанса, техникалық тексеруден өткізетін оператор қызмет көрсету құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айырылады.

"Көлікті жалған техникалық тексеруден өткізудің салдары ақаулары бар көлік құралдарының жол қозғалысына жіберілуіне мүмкіндік беріп, кейін бұл жол-көлік оқиғаларына, оның ішінде соңы өлімге ұласатын оқыс оқиғалар деңгейінің өсуіне әкеп соғады. Сондай-ақ аталған Заң жобасы шеңберінде автокөлікті техникалық тексеруден өткізетін операторлардың қызметіне қойылатын талаптарды күшейту көзделген. Жоғарыда аталған өзгертулер мен толықтыруларды енгізу автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу сапасын жақсартуға және жосықсыз техникалық қарап тексеру операторларының санын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде" делінген министрлік хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: техникалық тексеру

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір