• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Мамыр, 18:39:47
Алматы
+35°

09 Мамыр, 2017 Әлеумет

Франция президентінің өзінен 25 жас үлкен әйелі жайында қызықты деректер

Францияның президенттік сайлауында жеңіске жеткен 39 жастағы Эммануэль Макронның

Францияның президенттік сайлауында жеңіске жеткен 39 жастағы Эммануэль Макронның 64 жастағы әйелі Бриджит Тронье әлем БАҚ-тары ең көп талқылаған тақырыпқа айналды. 

Сұхбаттарының бірінде Францияның бірінші ханымы биылғы президенттік сайлауда күйеуі жеңіске жеткенін қатты қалайтынын, әйтпесе келесі президенттік мерзімге дейін өзінің 70-ке келетінін айтып, әзілдеген еді. 

Франция президентінің әйелі жайлы бірқатар қызықты деректі Hellomagazine журналы келтіріп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz:

1. Бриджит 1953 жылдың 13 сәуірінде Францияның солтүстігіндегі Амьен қалашығында белгілі шоколатье Жан Троньенің отбасында дүниеге келген. 1872 жылы құрылған кондитерлік фабрика печеньесімен танымал - бизнес осы күнге дейін жылына 4 миллион еуро табыс әкеледі. Отбасы - көпбалалы, Бриджит кенжесі болған.

2. Бриджит әкесінің ісін жалғастырғысы келмей, француз және латын тілдерінен мұғалім болған.

3. 21 жасында Бриджит банкир Андрэ Луи Озьерге тұрмысқа шығып, үш бала тауып берген: баласы Себастьян және екі қызы Лоренс пен Тиффани. 

4. 1993 жылы 39 жастағы Бриджит мұғалім болып жұмыс істеп жүрген және туған қаласы Амьендегі La providence жеке мектебінде театр үйірмесін жүргізген. Сол кезде ол 15 жастағы оқушы Эммануэль Макронға ғашық болған. Ол оқу жылының соңында мұғаліміне сөз салыпты. Көп жыл өткеннен кейін Бриджит Эммануэльдің сол кезде қатарластарына қарағанда үлкен көрінетінін айтқан: "Мен оны ешқашан оқушым деп есептемегенмін, ол ерекше еді".

5. Француз жазушысы Анна Фэлдтың "Мінсіз жас ер адам" ("Un jeune homme si parfait") кітабына сүйенсек, Эммануэльдің әкесі Жан-Мишель Макрон Бриджитке ұлымен сөйлесуге тыйым салыпты. Эммануэль 17-ге толғанда, ата-анасы оны Парижге IV Генрих атындағы гимназияға оқуға жіберген. Содан бері Макрон Бриджиттен екі сағаттық қашықтықта болған. Алайда Эммануэль мен Бриджит хат алмасып отырған. Күндердің бірінде ол үйленетінін мәлімдеген. 2007 жылы Бриджит ажырасып, Макронға Парижге келіп, екеуі үйленген. Тойда Бриджиттің екі қызы болған. Сөйтсек, қыздарының бірі Эммануэльдің сыныптасы болған-мыс.

6. Бриджит - бақытты әже. Балалары оған жеті немере сыйлаған. Эммануэль Макрон оларға әкесіндей қарайды екен. Бриджиттің 30 жастағы кенже қызы Тиффани Макронның штабында заңгер болып қызмет етеді. Бірінші ханымның тұңғыш ұлы Себастьен Эммануэльден екі жас үлкен. Ал үлкен қызы Лоренс Эммануаэльмен бір сыныпта оқыған.

7. Бриджит бар уақытын күйеуінің саяси қызметіне арнаған, кейде тіпті сөйлейтін сөзін де жазып береді екен. Соған қарамастан, Бриджит саяси қайраткер болғысы келмейтінін мәлімдеген. Айтуынша, тек "жанында болғысы келеді" екен.

Сайлауалды кампания кезінде Эммануэль Макронның қарсыластары шешесімен жасты әйелмен некесі арқылы ол өзінің бейдәстүрлі ориентациясын жасырады деп мәлімдеген. Алайда бұған журналистер еш дәлел таба алмаған.

Эммануэль Макрон Франция президенті қызметіне ресми түрде 14 мамырдан бастап кіріседі. Сол күні ұлықтау рәсімі өтеді. 

Шолушы: Гүлім ЖАҚАН

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір