• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Мамыр, 22:48:49
Алматы
+35°

09 Мамыр, 2017 Спорт

Альварестің Головкинмен жекпе-жекке дайындығын қашан бастайтыны белгілі болды

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке дайындығын қашан бастайтыны белгілі болды, деп...

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке дайындығын қашан бастайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Vesti.kz порталының мәліметінше, мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносоның айтуынша, "Канело" екі апта демалады да, Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін дайындығын бастайды.

"Канело" он күндей, ары кетсе екі апта демалады, сосын жүгіруді бастайды, жұмысын солай молайта береді. Бұл жолы біз Лос-Анджелесте жұдырықтасамыз. Осындай ірі жекпе-жектен кейін біз жеңіске көңіліміз толады, жақсы іс тындырдық. Дайындығымыз жақсы болды, бұл жекпе-жекте көрінді. Халық "Канело" алтыншы раундттан кейін әлсірей бастайды деп ойлаған, бірақ ол өз бұрышында отырмады да. Бұл оның алдағы жекпе-жекке өте жақсы мүмкіндігі», - деді ол.

Еске салайық, 7 мамырда Альварес отандасы Хулио Сезар Чавесті төрешілердің шешімімен жеңген болатын. Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі 12 раундқа созылып, оның қорытындысында қазылар алқасы 120-108 есебімен жеңісті Альвареске берген. 

Жекпе-жектен кейін рингке Головкин шығып, Альвареспен 16 қыркүйекте кездесетіні мәлім болды. 
 

Шолушы: Гүлім ЖАҚАН 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір