• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Мамыр, 12:44:11
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2017 Саясат

«Ресей 60 сағат ішінде бүкіл Балтық жағалауын басып алады»

АҚШ-тағы  конгрессте Америкалық сарапшылар НАТО-ның Еуропадағы әскер жасақтауын  күшейту мақсатында қосымша қаржыландыру  ұсынысын жасады деп хабарлайды

АҚШ-тағы  конгрессте Америкалық сарапшылар НАТО-ның Еуропадағы әскер жасақтауын  күшейту мақсатында қосымша қаржыландыру  ұсынысын жасады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Life.ru-ға сілтеме жасап.

Конгрессте  АҚШ қарулы күштері комитеті  өкілдері мен атақты  РЭНД зерттеу орталығының  аясында өткен тыңдалымда  Балтық жағалауы елдеріне  «Ресейден төнетін қауіп-қатерлер» мазмұнындағы  ұсыныстар түсті.

Сарапшылар қазіргі Ресей мен  Солтүстік атлантикалық альянстың арасындағы соғыс қуатымен, технологиялық жабдықтау алшақтады дейді.  

Батысқа стратегиялық бағыт алуының  өзі, олардың жан-жақты жұмылдырылып жасақталғандығы әрі  Ресей бұл бағытта үлкен мүмкіндіктерге ие деп топшылайды сарапшылар.  Сонымен бірге, танкке қарсы соғыс жүргізу  әдістері Балтық жағалауы елдерінікінен асып түседі. Және олардың электронды  соғыс жүргізу  тәсілдері 60 сағат ішінде бүкіл Балтық жағалауындағы астаналарды қоршап, оқшаулап алуға қауқарлы.

РЭНД мамандары НАТО-ның  ресей қарулы күштерімен қандайда бір қақтығыс салдарында , соғыс күшінің мүмкіндіктерін арттыру үшін  Балтық жағалауындағы Америкалық және жалпы НАТО-ның әскери жасақталуын  күшейту  шараларын  қабылдауды  жеделдетуге кеңес береді. Негізгі күшейту шараларына Альянсты техникалық қайта қаруландыру кіреді.

Оларға:

Біріншіден, шабуылдың  бетін қайтаратын антирадарлық кешенді күшейту.

Екіншіден, америкалық әскерилердің әуе мәселесіндегі жеткіліксіздіктерді толықтыру . Сонымен қатар, қозғалыстағы антизымырандық қорғаныс саласын арттыру шараларын жүргізу .

Үшіншіден Америка қарулы күштерімен оның одақтастары НАТО/М1/М2-лердің негізгі бронеттранспортерлік қорғанысын күшейту, және қарулануды жаңғырту мен «Хеллфайр» , «Джавейлин» сияқты ракеталардың заманауи  танкке қарсы соңғы динамикалық қорғаныстың  модификацияларын орнату кіреді.

Осыған байланысты, Путинды бұған нандыру  үшін тек Еуропалық Шығыс қорғанысты күшейтуді қолдап, одан әрі жұмыс жасауға шақырады. АҚШ Балтық жағалауына қарулы күштер тобын орналастыруы шарт дейді РЭНД ұйымының сарапшылары.

Түптеп келгенде, қасымыздағы алпауыт ел Ресейдің батыс бағытта күшеюі  бүкіл Еуропамен АҚШ-тың біріккен күштері НАТО-ның алаңдаушылығын туғызып отыр. Бұған себеп Қырымның аннексияланғанымен Ресей қарулы күштерінің Башар Асадты қолдап, Сирияға кіруі болуы мүмкін. Бастапқыда көптеген сарапшылардың Путиннің былай   тәуекелге баруын  қателікке балағанымен, НАТО-ның алаңдаушылығы босқа емес. Демек, Путиннің көздегеніде осы болуы ғажап емес. Балтық жағалауындағы елдердің қауіпі  артқандығы сонша  НАТО-дан көмек сұрауға мәжбүр. Бұл тіпті Еуропа елдерініңде қорғаныс саласына баса назар аударуына себеп болып отыр. Қазіргі әскери технологияның даму салдары кез-келген держава қоқаң-лоққы көрсету арқылы қорғануға мәжбүр.

Шолушы: Арафат Дербесұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір