• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Мамыр, 13:31:19
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2017 NEWS

Тыр жалаңаш ер адам Алматы әуежайында қолға түсті (ВИДЕО)

Алматы әуежайында тыр жалаңаш жүрген тағы бір ер адам қолға түсті. Аталмыш оқиға Instagram әлеуметтік желісінде таралған, деп хабарлайды

Алматы әуежайында тыр жалаңаш жүрген тағы бір ер адам қолға түсті. Аталмыш оқиға Instagram әлеуметтік желісінде таралған, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Полиция қызметкерлері Алматы әуежайында тыр жалаңаш күйде жүрген ер адамды қолға түсірді. Оқиға 10 мамыр күні болған. Берілген видеода көрсетілгендей, бірнеше полиция қызметкерлері қоғамдық орында әурет жерлерін ашып жүрген ер адамды сүйреп алып кетіп бара жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше ғана дәл осылай бір бойжеткен тыр жалаңаш күйде көшеде емін-еркін кетіп бара жатқан видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралып, біраз жұрттың ашуын келтірген болатын. Мұндай тәртіпсіздіктің бірінен соң бірі жалғасып, түрлі жерлерде орын алуына не себеп? Әлеуметтік желі қолданушылары «психикалық ауытқушылығы болуы мүмкін» деп пікір білдірген болатын. 

Дайындаған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір