• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Мамыр, 01:41:01
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2017 NEWS

Charlie Hebdo басылымы Эммануэль Макрон мен оның 64 жастағы әйелін сынға алды

Француздың сатиралық басылымы Charlie Hebdo өзінің соңғы шығарылымының мұқабасына су жаңа президент  Эммануэль Макрон мен оның 64 жастағы әйелі Бриджит...

Француздың сатиралық басылымы Charlie Hebdo өзінің соңғы шығарылымының мұқабасына су жаңа президент  Эммануэль Макрон мен оның 64 жастағы әйелі Бриджит бейнеленген карикатуралық суретті жария еткен. Бұл карикатурада президенттің әйелі жүкті етіп көрсетілген. Журналдың мұқабасында: «Ол ғажап нәрселер жасайды!» делінді. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап  хабарлайды.

 Эммануэль Макронға  Бриджит мектепте француз тілінен сабақ берген, екеуі  2007 жылы үйленген. Бриджит Макрон Франция президентінен 24 жасқа үлкен. Екеуінің ортақ балалары жоқ, тек Эммануэль әйелінің балаларын асырап алған. 

Еске сала кетейік, Эммануэль Макрон 7 мамыр күні болған сайлауда жеңіске жетіп Франция президенті атанды. 

Дайындаған: Назерке МҰСА

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір