27 Қазан, 2017 Аймақтар
Алматыда белгілі педиатр дәрігерлер бас қоспақ
Алматыда Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының ашылғанына 85 жыл толуына орай салтанатты жиын өтеді
Алматыда Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының ашылғанына 85 жыл толуына орай салтанатты жиын өтеді. Онда балалар денсаулығына қатысты өзекті тақырыптар талқыланбақ.
Қазақ балалар хирургиясының атасы Камал Ормантаев, академик Төрегелді Шарманов, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тамара Чувакова сынды танымал дәрігерлер қатысатын жиында педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының өткені мен бүгіні, жетістігі мен дамуы, еліміздегі педиатриялық қызметтің бағыт-бағдары сараланбақ.
Салтанатты жиын аясында конференция өтіп, педиатрияның өзекті мәселелері, онкологиялық, гематологиялық көмек беруді ұйымдастыру, зертханалық қызметтің, балалар кардиохирургиясы қызметінің дамуы, онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларды оңалтудың бүгінгі жағдайы сынды балаларды емдеудегі өзекті меселелер талқыланады.
Мерейтойлық шараға ана мен бала саулығына өлшеусіз үлес қосқан ардагер-дәрігерлер, орталықтың серіктестері мен әріптес-достары, қазақстандық медициналық мекемелердің басшылары, Педиатрия орталығы ұжымы мен басшылығы қатысады.
Шара аясында орталықта ұзақ жылдар қызмет атқарған, ел болашағы-балалар мен нәрестелерді емдеп, ұлт денсаулығын жақсартуға өлшеусіз үлес қосқан ардагер-дәрігерлерді марапаттау рәсімі өтеді.
Айта кетейік, Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының негізі 1932 жылы 28 қарашада Ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми зерттеу институты ретінде қаланған. Аталған орталық балалардың денсаулығын қорғауда қол жеткізген жетістіктері үшін Халықтар Достығы орденімен және «Сапа үшін Еуропалық Гран При» халықаралық байқауының «Медицина саласының көшбасшысы» Бас жүлдесімен марапатталған. Салтанатты шара 27 қазан күні «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында өтеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір