• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:17:47
Алматы
+12°

08 Ақпан, 2018 Фото-баян

Ала пижама, азапты өлім... Заксенхаузен концлагерінен фоторепортаж

Кірпіш фундаментті мына бөлмеде тұтқындарды аяусыз өлтірген. Бұл бөлмеде 18000 адам қайтыс болған.

Арманым – саяхаттау. Бірақ әзірге мүмкіндігім болмағандықтан, әлемді аралап жүрген достарымның әңгімесін тыңдағанды жақсы көремін. Тыңдап отырып, өзім де сонда сапар шегіп келгендей әсерге бөленемін. Бұл жолы Берлинге барып келген досыммен сөйлестім. Досым Берлиннен 30-40 шақырым жерде орналасқан Заксенхаузен концлагерін көріп, суретке түсіріп қайтыпты. «Ала пижамалы бала» («The Boy in the Striped Pyjamas») фильмін көрсеңіз, менің не сезінгенімді сіз де түсінер едіңіз. Концлагер музейге айналып кетсе де, оның ішіне кіруге жүрегім дауаламас. Ал суреттерді Qamshy.kz ақпарат агенттігінің оқырмандарымен бөлісуді жөн көрдім.

Лагерьдің жалпы аумағы үшбұрышты екен. Кірген адамды «Arbeit macht frei» («Еңбек бостандық кепілі») деген жазуы бар үлкен қақпа тосып алады. Тұтқын концлагерьге осы жазуды оқып барып кірген.

Заксенхаузен концлагерьі

Одан өткен соң айналасы тікенді сыммен қоршалған тас жолды алаңға көзіңіз түседі.

Концлагерьде тұтқындар авиатехникамен айналысты. Әлемдегі ең ірі кірпіш зауытында жұмыс істеді. Онда Германия үшін құрылыс материалдарын шығарды.

Заксенхаузенде жалған купюра шығаратын шеберханалар болды. Ондағы мақсат – Ұлыбритания мен АҚШ-тың экономикасын құлдырату. Бұл жоспар «Бернхард операциясы» деп аталған.

Заксенхаузен концлагерьі

Концлагерьдің қүрылысы 1936 жылы Германия Олимпиада ойындарын өткізу дайындығына кіріскен уақытта, Берлиннен 30 шақырым жердегі Ораниенбург қаласында басталған. Алайда мұны неміс халқы білмеген. Жоба авторы – Генрих Гиммлер.

Үлкен алаң және бірнеше ғимараттан тұратын мемориал 1936-1945 жылдары ауыр азаппен қаза тапқан тұтқындарды еске салады.

Заксенхаузен концлагерьі

Фашистер лагерьге өз саясатымен сәйкеспейтіндерді жинап, адам төзгісіз қара жұмысқа жеккен. Кейін ол адамдар із-түссіз жоғалып отырған.

Мемориал аймағында бірнеше музей орналасқан.

Заксенхаузен концлагерьі

Кірпіш фундаментті мына бөлмеде тұтқындарды аяусыз өлтірген. Бұл бөлмеде 18000 адам қайтыс болған. Тұтқындарды мұнда медициналық тексерістен өткіземіз деп алдап әкелген екен. Бойын өлшейміз деп теріс қаратып қабырғаға тұрғызады, содан кейін тұтқынның мойын тұсынан атып жібереді. Ал мәйітін жапсарлас тұрған крематорийге жеткізеді. Мыңдаған адамның жаны қиылған қанды бөлме талай сырды ішіне бүккендей.

Заксенхаузен концлагерьі

«Мұражайға улап-шулап кірген туристер үн-түнсіз аралады. Шыққан соң да ұзақ уақыт ауыз ашпады. Қатыгездік пен жауыздықтың белгісіндей болған көкала пижамалар, зілдей кісендер мен дар ағаштары, адам өртеген пештері, жантүршігерлік суреттер... Қысқасы, аурасы тым ауыр. Қазаққа жасалған геноцид те бұдан кем емес қой»... – деді әсерімен бөліскен досым. 

Заксенхаузен концлагерьі

1941 жылдың қыркүйегі мен қарашасы аралығында лагерьге 13 мың советтік әскер жіберілді. 1947 жылы тұтқындардың жанын алатын мына барақтарда 10 апта ішінде 10 мыңға жуық советтік әскери тұтқын азаппен өлтірілді. 

Заксенхаузен концлагерьі

 

Заксенхаузен концлагерьі

Заксенхаузен концлагері

Мына өткір тастардың үстінен ауыр сөмке асынған тұтқындар күні бойы жүруге мәжбүр болды. Бұл әдіс арқылы адамдардың аяқ киімдерінің күші сыналатын.

Заксенхаузен концлагерьі

Заксенхаузен лагерінің қадағалаушылары тұтқындарды соққыға жығудан бөлек, азаптаудың ең сорақы түрлерін қолданды. Фашистер әсіресе жаңадан босанған әйелдерді азаптайтын. Заксенхаузенде белгісіз улы заттарды шағаратын. Ал улы заттардың теріге әсерін тексеру үшін түрлі тәжірибелер әлгі әйелдерге жасалды.  

Заксенхаузен концлагерьі

Мына картиналардан еңбекке жегілген тұтқындардың қалай азапталғанын көре аламыз.

Заксенхаузен концлагерьі

Адамдарды дарға асқан мына ағаштар үрейіңді алады.

Заксенхаузен концлагерьі

Заксенхаузен концлагерьі

Заксенхаузен концлагерьі

Заксенхаузен концлагерьі

Тұтқынның ала пижамасы

Заксенхаузен концлагерьі

Жуынатын бөлме

Заксенхаузен концлагерьі

Тамақтанатын және жатын бөлме

Заксенхаузен концлагерьі

Заксенхаузен концлагерьі

Әжетхана тазалаушылар концлагерьдегі ең бақытты адамдар саналған. Себебі он мыңдаған тұтқын дәрет сындыру үшін ұзын сонар кезекте тұрады екен. Немістер тазалықты сүйгіш халық болғандықтан әжетханадан тыс жерде дәрет сындыруға тыйым салынды. Бұған бағынбаған тұтқын сол сәтте атылатын. Сол себепті кезегін күтуіне тура келеді. Ал әжетхана тазалаушылар кез келген уақытта кіріп шыға алатын болған.

Заксенхаузен концлагерьі

Концлагерьдегі фашистердің формасы

Заксенхаузен концлагерьі

Заксенхаузен концлагерьі

Салмағы ауыр кісендер мен сымдар

Заксенхаузен концлагерьі

Тұтқынды азаптау тәсілі

Заксенхаузен концлагерьі

Фото: Мұхит Мұхаметкерім

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір