• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Шілде, 07:40:14
Алматы
+35°

23 Наурыз, 2018 Аймақтар

Ғарышкер Айдын Айымбетов «Алматы облысының құрметті азаматы» атанды

Ғарышкерге арнайы кәулікті Наурыз мерекесін тойлауға жиналған көпшілік алдында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыс етті

Халық қаһарманы, Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры, Талдықорғанның тумасы Айдын Айымбетовке «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Ғарышкерге арнайы кәулікті Наурыз мерекесін тойлауға жиналған көпшілік алдында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыс етті.

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын барысында өңірдегі өнеркәсіп, аграрлық сала, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік, спорт және әлеуметтік қызмет көрсету салаларының үздік мамандарына ұзақ жылғы еңбегі мен жемісті қызметі үшін «Парасат», «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы, «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Олардың қатарында белгілі меценат Бауыржан Оспанов «Парасат» орденімен, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар және облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Тұратбек Чарапиев «Құрмет» орденімен марапатталса, «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енген Елдос Баялышбаев «Шапағат» медалін иеленді. Ал Жетісу жерінің тумасы, үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов «Алматы облысының Құрметті азаматы» атанды.

Талдықорғанда игі дәстүр бойынша Наурыз мейрамы қала сыртындағы бұлақтың көзін ашудан басталды. Облыс басшысы ақсақалдармен, «Жасыл ел» жасағының мүшелерімен бірге саябақ ішіне ағаш екті. Жетісу төрінде бүгінгі мерекеге орай 1 мың литр наурыз көже мен 10 мың адамға палау әзірленіп, халыққа тегін таратылды. Соған сәйкес, Наурыз ауылында «Наурыз көже ішіңіз!», «Бауырсақтан дәм татыңыз!» атты арнайы шаралар ұйымдастырылды. Мерекені тамашалауға шыққан қала тұрғындары арқан тартысып, асық атып, гір тасын көтеріп, тоғызқұмалақ ойнады, түрлі көрмелерді тамашалады. Ал Талдықорған ипподромында дала қызықтары өтті. Аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу ұйымдастырылып, көкпаршылар сайысына қаржылай сыйлықтар тігілді.

Мереке концерттік бағдарламаға ұласып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. Ауа-райы да тамаша болып тұр. Термометр бағаны + 22 градусқа дейін көтерілді.  Ал кешке «Жастар» саябағында би кеші ұйымдастырылады.

Награда алғандар атынан «Нүсіпов және К» ЖШС директоры Қанатхан Нүсіпов пен «Сұңқар Алматы» құс фабрикасының бас директоры Дмитрий Чалых сөз сөйлеп, өз құттықтауларын жеткізді. Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір