26 Сәуір, 2018 Әлем
Арменияда Никол Пашинянды премьерлікке ұсынды (видео)
Арменияда саяси дағдарыс кезінде, екі аптадан бері өтіп жатқан наразылық акциясы премьер-министр Серж Саргсянның отставкаға кетуімен аяқталған.
Арменияда «Елк» парламенттік оппозициялық фракция лидері Никол Пашинянды елдің премьер-министрі лауазымына ұсынды. Үкімет тізгінін қолына алу үшін Пашинянға кемінде 53 депутат дауыс беру керек.
Сейсенбіде өткен пресс-конференцияда Пашинян халық қаласа, үкіметті басқаруға дайын екенін жеткізген.
«Республикалық партия өкілдері премьерлікке келе алмайды. Олардың дәуірі аяқталды. Биліктің ауысуын дау-дамайсыз өтуін қадағалау керек», - деген еді Пашинян.
«Елк» партиясының парламентте тоғыз депутаты бар, ал тағы бір «Царукян» оппозициялық партиясынан 31 депутат бар.
Парламентте негізінен Арменияның Республикашылдар партиясы өкілдері көп орын иеленген. Аталған партия «Дашнакцутюн» партиясымен бір коалицияда біріккен. Бірақ 25 сәуірде басқарушы коалиция тарап кетті.
Арменияда саяси дағдарыс кезінде, екі аптадан бері өтіп жатқан наразылық акциясы премьер-министр Серж Саргсянның отставкаға кетуімен аяқталған. Ол Арменияны 10 жыл басқарды.
25 сәуірде Никол Пашинян жақтастары наразылық акциясын қайта жаңартты. Бұл Пашинян мен билік партиясының келіссөзі үзіліп қалғаннан кейін басталды. Пашинян демонстранттарды Ереванның Республикалық алаңына жиналып, «барқыт халықтық революция жеңісін нығайтуға» шақырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір