18 Мамыр, 2018 Әлеумет
Мәскеуде қайтыс болған қыздың анасы: Бұл сұмдықты бастарыңа бермесін
Қызының ендігі жоқтығына көне алмай жүрген ананың жазбасы желі қолданушыларының көңілін босатты.
Мәскеуде қапыда қаза тапқан қазақстандық студенттің анасы Жанна Ахметова қызы Томирис Байсафадан айырылып қалғаннан кейінгі өмірін айтып берді. Қызының ендігі жоқтығына көне алмай жүрген ананың жазбасы желі қолданушыларының көңілін босатты.
«Өмірім «өткен» және «болашақ» болып екіге бөлінді. Бүгін бұл сұмдықтың ешқашан бітпесін түсіндім. Әр таң ұйқымнан оянамын, бірақ ештеңе өзгерер емес. Мұны өзімнің тек бүгінім деп түсінемін. Менің үнсіздігімді әркім өзінше бағамдап алған. Томирисімнің кіммен кездескенін сөз қылып, мені дағыстандықтардан ақша алып отыр дейді. Естеріңді жиыңдар. Мұндай сұмдықты бастарыңа бермесін. Тергеу ісінің мән-жайын жақын уақытта бөлісетін боламын, достар», - деп жазды Жанна Ахметова өзінің Instagram желісіндегі парақшасына.
Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы Томирис Байсафа 2018 жылдың 13 сәуірінде Мәскеудегі оқу ордасының терезесінен құлап кетеді. Куәгерлер оны өзге біреудің итеріп жібергеніне сенімді. Әзірге бар күдік Томиристің жақын араласқан дағыстандық досына түсіп тұр. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға алдында қыз бен жігіт сөзге келіп қалған.
Ал 3 мамырда қазақстандық студент ауруханада көз жұмды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір