• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Мамыр, 16:24:13
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2015 NEWS

Жат елдің ескерткішін қорғайтын жалғыз ел – Қазақстан

Мына тұрған ескерткіш жұртқа нені ескертіп тұрғанын білмедік, бізге бір сұмдықты ескертеді де тұрады. Бұл мүсін Астана қаласындағы Бөгенбай даңғылы мен Жеңіс...

Мына тұрған ескерткіш жұртқа нені ескертіп тұрғанын білмедік, бізге бір сұмдықты ескертеді де тұрады. Бұл мүсін Астана қаласындағы Бөгенбай даңғылы мен Жеңіс көшесінің қиылысында орналасқан.

Астананың шет жағы Қажымұқан дейтін ауылында кеудесі қазынаға толы бір қария тұрды. Қазір бар ма, жоқ па белгісіз. Өткен жылы репересияға байланысты бірер сұрағымызға жауап іздеп, сол ақсақалға барған едік. Көп деректермен қанықтық. Көзімен көргендерін түгел баяндап берді. Бірақ сөз соңына келе қария кемсеңдеп жылай бастады. Біз ақсақалдың мұнысын түсіне алмай, бір-бірімізге қарап үнсіз отыр едік, қария түйінді өзі шешті: ‒ Қарақтарым, ат жалын енді ғана тарып мінейін деген жас өспірім екенсіңдер. Кейде өмірде адамның білмей-ақ қоятын «ауыр шыныдықтары» болды. Сендердің тұнықтарыңды лайлағым келмей отыр, - деп, тағы біраз дүниені ішіне бүгіп отырғанын сездірді. Біз үнсіз тағы қандай қазынасының аузын шешкелі отыр екен деп, міз бақпай отырмыз. Көнекөздің көзінен аққан жасы селдір күміс сақалын жуып жатты.

Біздің неге жылағанын білгіміз кеп отырғанын сезіп:

‒ Е, қу жалған-ай ‒ деп, ұзақ күрсінді де ‒ айтайын қарақтарым, ол «орыс ойына келгенін істеген» кезі еді. Бальщбик бассыз, жүгенсіз кетті. Менің кішірек кезім. Екі бөлмелі бөрене ағаштан әкем жарықтық өзі қолымен салған үйіміз болды. Ауызғы бөлмеде менен үлкен екі әпкем жататын. Бір күні арқасына мылтық асынған екі орыс солдаты, әлде сержант есікті теуіп, баса көктеп кіріп келді. Мен қорқып шешемнің бауырына тығылдым. Әкем де, шешем де тыстан кіргендерге ләм-мим деген жоқ. Ол кезде орысқа қарсы сөз айту ‒ оқ атумен бірдей еді. Екеуі келді де ауызғы бөлмедегі әпкелерімді шыңғыртып жатты… Әкем мен шешем шарасыздан таң атқанша солқылдап жылып шықты. Бұл жағдай тек біздің үйде ғана емес, көрші үйлерде де «ұры түсіпті, қары кіріп қарындастың арын таптапты» десіп жатты жұрт, ‒ деп, қария көзінің жасын бір сүртіп қойды. Біз осы жерге келгенде төбе құйқамыз шымырлап, еріксіз көзге жас алдық. ‒ Жатырыңа ит сарыды-ау тегі…

Міне, халқым, мына тұрған қос солдат бізге қарияның осы бір әңгімесін есімізге түсіреді. Тіптен, астына «Ескертіш мемлекеттің қорғауында» деп қойған. Сонда деймін-ау мемлекетің басқа қорғайтын дүниесі қалмаған ба?! Бабасының басын, даласыңың асыл тасын жат елге тонатып болып, енді келіп екі шүрегейдің мүсінін күзететтін қандай мемлекетпіз?!

Untitled

Бақытбек Қадырұлы

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір