• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Мамыр, 21:59:28
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2015 NEWS

Әміржан Қосанов Президент сайлауына қатысуға ниетті

Белгілі саясаткер,  қоғам қайраткері, оппазиялық коалиция мүшесі Әміржан Қосанов 26 сәуірде өтетін Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауына үміткер...

Белгілі саясаткер,  қоғам қайраткері, оппазиялық коалиция мүшесі Әміржан Қосанов 26 сәуірде өтетін Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауына үміткер ретінде өз кандидатурасын ұсынуға ниетті екенін айтты. Бұл туралы Qamshy.kz  опрталы хабарлайды.

"Иә, ондай ойдың бар екені рас (үміткер ретінде сайлауға түсу). Қазір кезінде өзім де тізгінін ұстаған, Қазақстандағы жалғыз легитимді, билікшіл емес Жаплы ұлттық социал-демократиялық партиясының кезекті жиынын күтудемін. Аталмыш партия сьездіне Қазақстандағы барлық демократиялық күштер қатысады деп күтілуде. Мен өз кандидатурамды ұсыну арқылы демократиялық күштердің ішкі тартысын тудырушы құралға айналғым келмейді. Егер сьезде қабілеті мен парасаты толысқан, ел басқаруға шамасы жететін, лайықты кандидат ұсынылатын болса, мен әрине, көппен бірге оны қолдайтын боламын. Ал егер, сьездте лайықты үміткер ұсынылмайтын болса, мен 14 наурыз күні, яғни тіркеу аяқталатын соңғы күнде өз кандидатурамды ұсынамын. Ал  менің сайлауға түсу-түспеу туралы нақты шешімім ЖСДП сьездінен кейін белгілі болады", - деді саясаткер Әміржан Қосанов.

Әміржан Қосанов ҚазҰУ-дың (бұрынғы Киров) журналистика факультетін тәмәмдаған. Ол бұған дейін Президенттік сайлауға түспеген. 1990 жылдардың бас шенінде Премьер-министрдің баспасөз қызметін басқарған. Үлкен саясатта ол -  Республикалық Халықтық партия  және ЖСДП жетекшілерінің бірі болды.

Нұрзат Тоғжан
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір