• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:09:40
Алматы
+12°

27 Маусым, 2018 Ғылым-білім

ҰБТ таза "майшелпекке" айналды

Баянауыл ауданының шенеуніктері пара беру бабы бойынша күдікке ілінді.

Қазір ҰБТ таза "майшелпекке" айналғанын екінің бірі біледі. "Баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма қадалсын" дейтін ата-ана соңғы тиынын берсе де баласын жұрттың баласынан қалдырмауға тырысады.

Баянауыл ауданының екі лауазымды қызметкері мен бір "нұротандық" пара беру бабы бойынша күдікке ілінді. Параны алушы ғана емес, беруші де қылмыскер екенін үш шенеунік те ұмытып кетсе керек. Әңгіме аудан әкімінің орынбасары мен білім бөлімінің басшысы туралы дейді білетіндер. "Бақсақ бақа екен" демекші, ҰБТ тапсыратын оқушылардан жиналған төрт миллион теңгені комиссияға ұсынғанда комиссия алудан бас тартқан. Сөйтсе, Баянауыл ауданы ҰБТ-дан жинаған балл көрсеткіші бойынша көрші аудандардан қалып қойыпты. Басқа аудандар орташа деңгейде 101,3 балл жинаса, Баянауыл 66 баллмен көш соңында қалған. Ал ауданның шенеуніктері мәселені тиімді шешудің жолы пара беру деп түсінсе керек.

Биыл министрліктің шешімі бойынша аудан, қала мектептерінің рейтингісі мектеп түлектерінің тапсырған тест балына қатысы жоғын облыстың "бас мүғалімі" Дінислам Болатханұлы да қадап айтты. Бұл істі жергілікті билік (ауданнан бастап облыстық арада) барынша жасыруға тырысып отыр. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тергеу біткен соң ресми мәлімдеме жасайтындарын айтуда.

Оңғар Қабденов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір