• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:28:23
Алматы
+12°

«Ақкент» тұрғын үй кешені жанында ағаштың түбінен ауыр халдегі 5 жастағы бала табылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оны көлік қағып кеткен. Көлік жүргізушісі Дінмұхаммед есімді баланы ауруханаға апарудың орнына кір төсенішке орап  ағаштың түбіне тастап кеткен.

Адамдар баланы байқап қалып дереу жедел жәрдемді шақырды. Дінмұхаммед қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Депутат Қайрат Құдайберген өзінің Facebook парақшасында полиция баланы кім қақққанын анықтағанын жазды.

«Полиция қылмыскердің кім екенін анықтады. Оны ұстау 1, 2 күннің еншісіндегі іс. «Нұр Отан» партиясының депутаты және адам ретінде баланың жағдайын білу үшін ауруханаға барамын.  «ТРАНСФОРМАТОР ҚАЗАҚСТАН» клубының мүшелері, кәсіпкерлер Дінмұхаммедтің еміне кететін барлық шығынды өз мойындарына алды. Қылмыскердің ойында не болғанын білмеймін, бірақ адам итті де тастамайды. Жаза заң жүзінде өте қатал болады!» деп жазды депутат.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір